ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

ӨКПЕ ОБЫРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

2023 жылғы 29 шілдеде Ұлттық ғылыми онкология орталығы 1 тамыз - Дүниежүзілік өкпе обыры күні қарсаңында Өкпенің қатерлі ісіктерінің профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күндерін өткізеді.

Астана қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерден тегін жоғары білікті консультация алуға шақырамыз.

Бұл іс-шараның мақсаты - халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар ету болып табылады.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, сондай-ақ барлық алдыңғы медициналық қорытындылардын; клиникалық-зертханалық зерттеулердің қолда бар нәтижелерін ала келіңіз.

🏥 Өтетін орны: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, Клиникалық-диагностикалық емхана.

❗Дәрігерлердің консультациясы тек қатаң алдын ала жазылу арқылы Сall-орталықтың бірыңғай нөмірлері бойынша: 8 (7172) 702-911, 702-900, жұмыс уақытында: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізіледі, сенбі және жексенбі - демалыс күндері.