ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Эпидемиологиялық ахуалдың мониторингі барысында Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан АИТВ-ның оң мәртебесі бар 3 пациентті анықтады.

Құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандар енгізілген комиссия ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап осы оқиғаны тексеруді бастады. 

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленуде. Бүгінгі таңда 593 байланыста болған адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды,оның 419-ы теріс, қалған 174-і жұмыста.

Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады.