Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Қалыпты анатомия кафедрасының Құрметті меңгерушісі, ғалым, академик Алшынбай Рақышұлының дүниеден озуына байланысты орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге қайғырып көңіл айтады.
Алшынбай Рақышұлы өз ісінің жарқын шебері және еліміздің жалпы медицина бойынша білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосқан адам ретінде есімізде қалады.