МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ТУРАЛЫ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІК

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ТУРАЛЫ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІК
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
 
Бердібек Мәшбекұлы өз жұмысына лайықты адал мемлекеттік қызметшілердің бірі болды, ол ең жауапты учаскелерде тынымсыз еңбек етті, өзі басқарған бірқатар салалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
 
Біз оның коронавирус инфекциясымен күресуге қосқан үлесін ұмытпаймыз. Жамбыл облысының әкімі лауазымында, содан кейін «Қазбиофарм» АҚ Директорлар кеңесін басқара отырып, Бердібек Мәшбекұлы бүгінде коронавирусқа және адам мен жануарлардың басқа да өзекті инфекциялық ауруларына қарсы вакцина шығаратын «Отарбиофарм» зауытының қалыптасуы мен дамуы үшін көп жұмыс атқарды.
 
Бердібек Мәшбекұлы біздің есімізде талантты, жауапкершілігі зор, адами қасиеттері мол басшы ретінде қалады.