А.ҒИНИЯТ ПЕН КАТАР ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫ АСТАНАДА КӨПБЕЙІНДІ КЛИНИКА САЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

А.ҒИНИЯТ ПЕН КАТАР ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫ АСТАНАДА КӨПБЕЙІНДІ КЛИНИКА САЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

Астанадағы Халықаралық экономикалық форумның шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Power International Holding»  холдингінің басшысы Моутаз Әл-Хаййатпен (Катар Республикасы) кездесу өткізді.

«Біз Катармен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық өзара іс-қимылға зор мән береміз. Астана қаласында медициналық хаб салу жобасы бойынша Қазақстан тарапынан барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде», - деп сендірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы инвестициялық компания басшысымен диалог барысында.

«Бүгінгі негіздемелік келісімге қол қою, ал кейіннен инвестициялар туралы келісім жасасу дәрігерлер мен клиникалық зерттеушілер арасындағы пәнаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ медициналық туризмге негізделген медициналық білім беруде биомедициналық зерттеулер саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарын дамытуға серпін береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Жобаны іске асыру шеңберінде қазақстандық «Cynosure» компаниясы Катар холдингімен бірлесіп Қазақстандағы «Sedars Sinai» әлемдік медициналық операторының жинақталған тәжірибесі мен ғылыми жетістіктерін ілгерілететін болады.

Өз кезегінде, Катар холдингінің басшысы салынған медициналық хаб Қазақстандағы ең жаңа медициналық технологиялар пайдаланылатын алдыңғы қатарлы медициналық мекемелердің бірі болатынына, сондай-ақ жергілікті кадрлардың үздік практикаларын оқыту үшін мүмкіндіктер жасалатынына сенім білдірді.

1996 жылы құрылған Power International Holding Катардағы екінші ірі жеке отбасылық конгломерат болып табылады және жылжымайтын мүлік, энергетика, телекоммуникация, қаржы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты әртүрлі салалардағы инвестициялық жобалар мен ресурстарды басқарумен айналысады. Холдинг сонымен қатар Qatar Power Company, United Fashion Company және Qatar Healthcare сияқты ірі компанияларды басқарады.