ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ GENERAL ELECRTRIC HEALTHCARE КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ GENERAL ELECRTRIC HEALTHCARE КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ресейдегі/ТМД-дағы General elecrtric Healthcare компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Е.Легезинамен кездесті.

Кездесу барысында медициналық техника бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу шеңберінде General Elecrtric Healthcare-мен ынтымақтастық мәселелері, ҚР аумағында медициналық техника өндірісін оқшаулау мүмкіндіктері, денсаулық сақтау саласындағы IT шешімдерді енгізу және ынтымақтастықтың басқа да аспектілері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның медицицина университеттерінің бірінің базасында GE Academy ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл белгіленген жабдықты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, GE Healthcare цифрлық шешімдерін енгізу жоспарлануда, бұл диагностиканың өнімділігі мен дәлдігін жақсарту үшін пациенттердің деректерін, суреттерін және жасанды интеллект негізіндегі медициналық мазмұнды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Жұмыс кездесуі шеңберінде GE Healthcare мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы бастамалар талқыланды, олардың іске асырылуы өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте GE делегациясының Қазақстан Республикасының Президентімен екіжақты кездесуі барысында талқыланатынын естеріңізге сала кетейік.