ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ САММИТ ПЕН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖҮЛДЕ ТАПСЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ САММИТ ПЕН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖҮЛДЕ ТАПСЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 14 маусымда Астана қаласында "DENI SAU ULT" ұлттық медициналық саммитін және жыл сайынғы "ALTYN SHIPAGER" ұлттық медициналық жүлдесін тапсыру сияқты ауқымды іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Салтанатты іс - шараға шақырылған қонақтардың қатарында Үкімет пен депутаттық корпус мүшелері, әкімдік өкілдері, жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, қазақстандық және шетелдік денсаулық сақтау сарапшылары, жеке компаниялардың басшылары, бизнес өкілдері бар.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 1500 медицина қызметкері қатысады деп болжануда. Іс-шара бағдарламасында дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы жабдықтарды отандық өндірушілердің, импорттаушылар мен дистрибьюторлардың, медициналық мекемелердің, медицина саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, зертханалардың және медицина жұртшылығының басқа да өкілдерінің қатысуымен   презентациялық-көрме алаңы жоспарланған. Медициналық саммиттің шеңберінде пленарлық сессия және панелдік пікірталастар өтеді, оның барысында баяндамалар ұсынылып, медициналық сақтандырудың өзекті мәселелері, МСАК-тың қолжетімділігі, сондай-ақ отандық өндірісті дамыту мен қолдаудың мәртебесі, перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланады.

Саммиттің қызықты бөліктерінің бірі отандық денсаулық сақтауды дамыту перспективалары тақырыбында медицина, менеджмент және стратегиялық даму саласындағы жетекші отандық және шетелдік спикерлер мен сарапшылардың қатысуымен TEDx форматында өтетін "Health&Talks" диалог алаңы болады.

Соңында, іс-шараға қатысушыларды басты оқиға - "ALTYN SHIPAGER" ұлттық медициналық жүлдесін тапсыру рәсімі күтіп тұр. Номинацияларда ҚР медицинасының дамуына үлес қосқан, сондай-ақ медицина және қоғамдық денсаулық саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген үздік дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар, провизорлар, мейіргер қызметінің жұмыскерлері  және басқа да сала өкілдері марапатталады.

Іс-шараларды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып табылады.