ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Балаларды қорғау күніне арналған "Саламатты ұрпақ - Қазақстанның болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның шеңберінде шетелден еңбегі сіңген дәрігерлердің қатысуымен даму кемістігі бар балаларға мастер-кластар мен медициналық консультациялар өткізілді.

Ресей Федерациясының медицина ғылымдарының докторы, профессор, Тюмень облысының бас кардиохирургы Кирилл Горбатиковтың жетекшілігімен "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы" кардиохирургтар бригадасының құрамында "Жүрекшеаралық қалқа кемістігі" диагнозына бірегей операция жасалды.

Сондай-ақ, кардиохирургтар кішкентай пациенттерге ашық жүрекке тағы үш операция жасады: БЖК: Эбштейн аномалиясын жою операциясы; жүректің бір қарыншасындағы соңғы кезеңді аяқталатын Фонтен операциясы және диагнозы бар пациентке магистралдық тамырлардың оң қарыншадан қосалқы өтуі диагнозымен операция.

Бүгінгі күні туғаннан кейінгі операция тек балалардың жүрегіне жасалады, бірақ болашақта "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының" дәрігерлері нәрестелердің барлық ағзаларына операция жасауды жоспарлап отыр.

"Саламатты ұрпақ - Қазақстанның болашағы" конференциясының шеңберінде  ресейлік дәрігер, акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностика бойынша жас мамандарды даярлау бағдарламасының және ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жетекшісі Синьковская Елена Сергеевна "Пренаталдық диагностика" бойынша мастер- класс өткізді. "Орал ана мен нәресте денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу институтының" меңгерушісі Косовцова Наталья Владимировна УДЗ-дағы заманауи инновациялық технологиялар, ұрыққа ерте араласудағы әртүрлі операциялар және ұрықтың иммундық емес тамшысын пренаталдық диагностикалау туралы айтты. Ғылыми-практикалық конференцияның басты мақсаты - алған тәжірибелерімен бөлісу, "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының" қол жеткізген нәтижелерін талдау, ең басым бағыттар бойынша болашақтың соңғы ғылыми жетістіктері мен технологияларын талқылау.

Конференцияға Италия, Аустрия, АҚШ, Испания, Ресей Федерациясы сияқты 11 елдің ғалымдары, сондай-ақ еліміздің жетекші дәрігерлері, акушерлік, неонатология саласындағы білікті мамандар, балалар кардиохирургтары, ультрадыбыстық диагностика және мейіргер мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының үлкен басшылары мен студенттері қатысты.

Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балаларға ерте кезеңде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша "Жол картасын" іске асыру және балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету мақсатында өтті.