ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САРАПШЫЛАР МЕН ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САРАПШЫЛАР МЕН ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеуде.

Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қоса алғанда, азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыруын қамтамасыз етуді елеулі арттыру болып табылады.

Осыған байланысты Министрлік медицина, фармацевтика қызметкерлерін, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, азаматтар мен заңды тұлғаларды заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысуға шақырады.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ағымдағы жылғы 20 маусымға дейін электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз: minzdrav@dsm.gov.kz, d.baigenzhina@dsm.gov.kz.  Туындаған мәселелер бойынша: Байгенжина Дарагүл Сансызбайқызы, телефон +7(7172) 74-32-42.