В.ДУДНИК БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ КЕШЕНДІ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

В.ДУДНИК БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ КЕШЕНДІ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ОКҚ брифингінде балалар денсаулығын сақтау шаралары туралы айтты.

"Балалардың денсаулығын сақтау денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мақсатында жүкті әйелдерге пренаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізіледі, онда қамту 82% -ды құрады. Жаңа туған нәрестелердегі даму бұзылыстарының құрылымында анатомиялық ақаулар 96%-ды құрайды. Туғаннан кейін бірден скринингтің 4 түрі жасалады. 95 мыңнан астам баланың неонаталдық скринингпен, 740 мың баланың аудиологиялық скринингпен, 770 мың баланың психофизикалық скринингпен, шала туған нәрестелердің ретинопатиясына офтальмологиялық скринингпен - 1800 бала қамтылды", - деп хабарлады В.Дудник.

Біздің еліміздегі әрбір бала медициналық бақылаумен қамтылған.

Вице-министрдің айтуынша, 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық ұсынымдарына сәйкес патронаждық бақылаумен қамтылған. Өмірдің бірінші жылындағы балалардың 93%-ы патронаждық бақылаумен қамтылды.

Елімізде барлығы 6,5 мың мектеп медициналық пункті жұмыс істейді, онда 7 мыңнан астам мектеп мейіргері жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша профилактикалық тексерулермен қамту 9%-ға жақсарды және балалардың 90%-ын құрады, анықталу 8%-ды құрады, балалардың 33%-ы Д-есепке алынды.

Елімізде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтауға бағытталған 200 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.

Ол сондай-ақ ағымдағы кезеңде жылжымалы медициналық кешендермен 500-ге жуық елді мекен қамтылғанын, 208 мың ауыл тұрғынына, оның ішінде 39 мың балаға қызмет көрсетілгенін хабарлады.