БҮГІН АСТАНАДА «ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ COVID-19 КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ САБАҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

БҮГІН АСТАНАДА «ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ COVID-19 КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ САБАҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Бүгін Астанада «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы өтуде, оның мақсаты COVID-19 коронавирус инфекциясы пандемиясының сабақтарын талқылау болып табылады.

«Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы «QazVaC: ТАЙТАЛАС» деректі публицистикалық кітабының тұсаукесерінен басталды. Бұл кітап коронавирус инфекциясы пандемиясымен күрес кезінде отандық вакцинаны жасаған қазақ ғалымдарының ерлігіне арналған.

QazBioPharm форумының бағдарламасына бірқатар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері және бизнес өкілдері қатысатынын айта кеткен жөн.

 «Форум Қазақстанда, COVID-19-ға қарсы өзінің «QazVac» вакцинасын әзірлеуші елдердің қатарына кірген елде өтіп жатқаны өте тамаша. Қазақстан пандемия кезеңіндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау мен болжаудың шектеу шараларының жиынтығымен бірегей кешенді жүйесін әзірледі. Бұл моделді ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі мақұлдады, көрші мемлекеттер жоғары бағалады. Біздің жеңісіміз - ержүрек дәрігерлер мен ғалым-микробиологтардың күш-жігерін біріктіріп қана қоймай, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының, бизнес-қоғамдастық пен азаматтарымызды қолдаудың нәтижесі"» - деді Форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде коронавируқ инфекциясымен күресу үшін ведомство қабылдаған бұрын-соңды болмаған шаралар туралы айтып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың өміріне түзетулер енгізген пандемия сабақтарын еске салды.

«Үш жылдың шінде Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, 1 айдан 3 айға дейін созылған коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың 6 өрлеуін бастан өткерді. Бұл ретте әрбір кейінгі нұсқасы республика аумағында COVID-19 жаңа нұсқасының пайда болуынан туындады. Мәселен, егер коронавирустың Ухань штамынан туындаған сырқаттанушылықтың алғашқы көтерілу кезеңінде сырқаттанушылардың ең көп саны 3000-нан астам жағдайды құраса, онда Омикрон нұсқасының айналымы кезінде бесінші көтерілуде тәулігіне 16 мыңнан астам науқас тіркелді» - деді А. Ғиният.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заң әзірленген кезде туындайтын биологиялық қауіптерге жедел ден қоюдың және олардың прфилактикасының маңыздылығын атап өтті.

Министрдің айтуынша, COVID-19 пандемиясы елдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кадрлық әлеуеті мен инфрақұрылымын қаншалықты күшейту қажеттігін көрсетті.

Осылайша, медициналық жоғары оқу орындарында санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды даярлау жүйесі қайта қаралды, оқу мерзімі 4 жылдан 5 жылға дейін, бейіндік пәндер бойынша сағат ұзақтығы ұлғайтылды, ден қоюдың өзекті мәселелерін қоса алғанда, жаңа кәсіби стандарттар әзірленді, білім беру бағдарламасына жаңа құзыреттер енгізілді.

Пандемия көрсеткендей, COVID-19 профилактикалық шараларын жүзеге асырудың сәттілігі ведомствоаралық өзара іс-қимылға тікелей байланысты.

«2020 жылғы қаңтарда Премьер-Министрдің Өкімімен ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының төрағалығымен ҚР-да коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. ВАК-тың 148 отырысы өткізілді, онда халықтың денсаулығын COVID-19-дан сақтау және қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайту, дәрілік заттарды, иммунобиологиялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып шектеу шараларын күшейту және жеңілдету, халықты вакцинациялау және ревакцинациялау мәселелері бойынша 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылданды», - деп еске салды Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Тапшылық және логистикамен қиындық жағдайында халықты дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры ұйымдастырылды.

Коронавирус инфекциясын диагностикалайтын зертханалардың саны 183 зертханаға дейін өсті, қуаты тәулігіне 128 мың зерттеуге дейін, ал 2020 жылдың сәуірінде қуаты тәулігіне 6000 зерттеуді құрады.

2020 жылғы шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп МСАК деңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдады.

Министрдің айтуынша, сол кезеңде үйде медициналық көмек көрсеткен 3054 көшпелі мобилдік бригаданың жұмысын жедел өрістетуге мүмкіндік туды. КВИ бар науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері қосылған. 1486 жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

КВИ медициналық көмек көрсетуге барлығы 57 мыңға жуық медицина қызметкері жұмылдырылған.

Иммунобиологиялық препараттарды шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт салу бөлігінде министр бүгінгі күні құрылыс аяқталғанын, өндірісті валидациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Биоқауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында әлемде қолданылатын 14 вакцинаның бірі болып табылатын «QazVac» отандық вакцинасы әзірленіп, өндірілді. 2021 жылғы тамызда біздің елімізде республикада қолданылатын КВИ-ге қарсы вакциналардың, оның ішінде отандық КазВак вакцинасының тиімділігін бағалау бойынша зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеу АҚШ-тың Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және профилактикасы орталықтарының (Cdc/CAR) Өңірлік офисінің қолдауымен жүргізілді», - деп жалғастырды ҚР ДСМ басшысы.

Зерттеу Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналардың SARS-CoV-2-ге қарсы тиімділігі жақсы екенін көрсетті.  Сондықтан барлық вакциналар үшін вакцинаның түзетілген тиімділігі 76% құрады. Бұл ретте вакцина түрлері бойынша тиімділік QazVac үшін 78,3%, V спутнигі үшін 77%, Hayat-Vax үшін 71,2% және CoronaVac үшін 69,5% құрады.

Ол сондай-ақ пандемия кезіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының үлкен рөлін атап өтті.

«Халықты кеңінен жариялау мақсатында Министрлік «Coronavirus2020.kz» мобилдік қосымша, CORONAVIRUS ақпараттық сайтты және жеделхаттар арнасын құрды. Тәулік бойы елдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер бойынша Call-орталықтың қызметі ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы ОКҚ-да 200-ден астам брифинг өткізді, сондай-ақ бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары мен алдын алу шараларын түсіндіріп, 2000-нан астам сөз сөйледі», - деп атап өтті А.Ғиният.

Қорытындылай келе,Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үш жылдық пандемия қорытындысы бойынша шешілуі тиіс міндеттерді белгіледі. Болашақ биологиялық қауіптерге дайын болу үшін биоқауіптерді болжау, моделдеу және жедел ден қою жүйесін енгізу қажет, отандық биофармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, импортқа тәуелділікті төмендету қажеттілігі туындады. А. Ғиният денсаулық сақтау объектілерін жедел қайта бейіндеудің, зертханаларды жаңғырту мен жарақтандырудың, жоғары медициналық оқу орындарында оқыту бағдарламасын өзектендірудің, кадрлар даярлауды жетілдірудің, оларды оқыту мен жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оның айтуынша, ақпараттық жүйелер мен өнімдерді дамытуға және енгізуге назар аударған жөн.

«Пандемия кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз бірден бес платформада коронавирусқа қарсы бірнеше кандидаттық вакциналарды әзірлеуді бастадық. Бұл QazVac белсенді емес вакцинасы, суббірлік вакцина, екі рекомбинантты вакцина және тірі вакцина.

Құрметті әріптестер, корновирус эпидемиясынан туындаған пандемия қоғамның кез келген саласы бір мақсатқа бірлесіп қызмет еткен жағдайда ғана мұндай сынақтардан тиімді қорғануға болатынын көрсетті.

Өмір бар жерде эпидемиялар пайда болады, мысалы, жақында - 23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы Ассамблеяда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен гөрі зиянды жаңа пандемия қаупі төніп тұрғанын хабарлады.

Сондықтан болашақта біз кез-келген қауіпке қарсы тұруға дайын болуымыз керек. COVID-19 пандемиясынан қандай сабақ алғанымыз және болашақта қорғау үшін қандай нақты қадамдар жасау керектігі туралы мәселені бүгінгі Форумның қатысушылары мен сарапшылары жан-жақты талқылайды деп ойлаймын», - деп атап өтті «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КеАҚ басқарма президенті Күнсұлу Закария.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова ғылыми қоғамдастықты гендік-инженерлік, нанотехнологиялар негізінде вакциналардың жаңа буынын әзірлеудегі әлемдік трендтерден қалыс қалмауға шақырып, заң шығарушы орган тарапынан қажетті шараларды қолдайтындығына сендірді.

Айта кетейік, QazVac вакцинасы - COVID-19 алдын алу үшін биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген. Ол SARS-CoV-2 вирусын инактивациялау үшін химиялық заттарды қолдануды қамтитын инактивацияланған вирус технологиясына негізделген. Вакцинаны ағзаға енгізгеннен кейін иммундық жүйе вируспен байланыста болған жағдайда инфекциядан қорғауға қабілетті антиденелер шығара бастайды.

QazVac вакцинасының клиникалық сынақтары Қазақстанда 2020 жылы 18 бен 85 жас аралығындағы 3 000 еріктіде өткізілді. Зерттеуге сәйкес, вакцина COVID-19 профилактикасында 90%-дан астам тиімділікті көрсетті.

QazVac вакцинасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың тамызында қолдануға ұсынды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айының басында 4,3 миллион адам Nobivac вакцинасымен иммундауды алған.

Жалпы, QazVac вакцинасы COVID-19 профилактикасының тиімді және қауіпсіз құралы болып табылады. Клиникалық сынақтардың нәтижелері вакцинаның жоғары тиімділігін көрсетті, ал Қазақстанда вакцинацияланған адамдардың саны халықтың вакцинацияға деген сенімін көрсетеді.

Спикерлер мен қатысушылар Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күрестегі тәжірибесімен, биологиялық қауіптердің профилактикасы мен болжаудағы тетіктері мен стратегияларымен, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы жаңа препараттар мен құралдарды әзірлеу жөніндегі озық технологиялармен бөлісіп, талқылай алды.

QazBioPharm алаңында «QazVac құру тарихы» фотокөрмесі, Холдингтің еншілес ұйымдарының ғылыми қызметінің жетістіктері және іс-шараның демеушілері болып табылатын бизнес-құрылымдар