ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША С.ҚАЙЫРБЕКОВА АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША С.ҚАЙЫРБЕКОВА АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

Астана қаласында ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында Қазақстанның медициналық мекемелерінің басшылары мен мамандары үшін оқыту өткізілді.

Оқыту "Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы шеңберінде өткізілді.

Курс бағдарламасы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді қамтиды. Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар өз дағдыларын жетілдіріп, пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі сараптаманы ұйымдастыру бойынша жаңа құзыреттерге ие болды.

ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылым денсаулық сақтауды дамыту орталығы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлеуші ретінде осы курстарды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Осы тақырып бойынша оқудан өту медициналық ұйымдардың басшылары, сапа жөніндегі басшылардың орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің басшылары үшін пайдалы болады.

Оқытуды қоғамдық денсаулық сақтау, HR-менеджмент және медициналық ұйымдардағы сапаны басқару саласындағы жетекші мамандар, сондай-ақ медициналық ұйымдарды аккредиттеу, тәуекел-менеджмент, медиация және денсаулық сақтау саласындағы коммуникация саласындағы мамандар өткізеді.

Курстың шеңберінде медициналық көмек пен аккредиттеуді ұйымдастырудың заманауи стандарттары, сондай-ақ ҚР өзекті нормативтік құқықтық актілері, медициналық көмектің сапасын бағалаудың параметрлері мен көрсеткіштері талқыланады.

Бұл бағдарламаның өзектілігі елдің медициналық ұйымдарында сапаны басқаруды одан әрі жетілдіру қажеттілігіне байланысты.