ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КАДРЛАРЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ БАСТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КАДРЛАРЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ БАСТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың кейбір қорытындыларын шығарады. Адами ресурстарды дамытуға бағытталған ведомствоның 2022 жылғы маңызды жаңалықтарының ішінде бұл денсаулық сақтау саласындағы білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын әзірлеу болып табылады. Ол медициналық кадрларды даярлаудың үздіксіз интеграцияланған моделін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың бес жылдық бағдарламасын енгізуді көздейді.

Алты университеттік аурухананың құрылысы басталды, салалық біліктілік шеңбері бекітілді, саланың 45-тен астам кәсіптік стандарттары әзірленуде және медициналық колледждерді ауқымды аттестаттау өткізілді.

2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау үшін республикалық бюджет есебінен 4700-ге жуық білім беру грантын бөлді, оның 1500-і резидентура бағдарламаларына арналған. 2023 жылдан бастап резидентурада бейінді мамандарды даярлауға арналған гранттардың саны 2500-ге дейін өседі.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы республикалық бюджеттік бағдарлама және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен барлығы 50 мыңнан астам маман, оның 350-і шетелде оқытудан өтті.

Ғылымға келетін болсақ, практикалық денсаулық сақтаудың неғұрлым өзекті мәселелерін, қартаюдың іргелі проблемаларын шешуге, жаңа инфекцияға қарсы препараттарды, биоқауіпсіздік мәселелерін және т.б. шешуге бағытталған 9 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда.

Инновациялық қызметті дамыту үшін технологиялық құзыреттердің салалық орталығы,  клиникалық зерттеулерді жүргізу үшін ұлттық платформа құруды қоса алғанда, ҚР-да клиникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге жаңа тәсілдер жасауға бағытталған клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы құрылды.
«QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірлесіп MedTech технологиялық болжауын пилоттық зерттеу басталды. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты одан әрі дамыту мақсатында зерттеу нәтижелерін талқылауға шығару жоспарлануда.