В. ДУДНИК ФОРУМДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

В. ДУДНИК ФОРУМДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Бүгін «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шаралар туралы айтты, бұл денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«2022 жылы балаларды скринингпен қамту 3-тен 12%-ға дейін ұлғайды, емханаларда 118 млн консультациялық-диагностикалық қабылдау жүргізілді, ауруханаларда 576 мың бала емделді, 100 мыңнан астам операция жасалды. Өмірдің бірінші жылындағы балаларды патронаждық бақылаумен қамту 95%-ды құрайды. Өткен жылы балалар денсаулығын сақтауға ТМККК және МӘМС желісі бойынша 560 млрд. теңге бағытталды», - деді В.Дудник.

Ол туғаннан кейін бірден ауруларды ерте диагностикалау мақсатында жаңа туған нәрестені тұқым қуалайтын ауруларға, есту қабілетінің тежелуіне, психофизикалық дамуға, шала туған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізілетінін атап өтті.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге келетін болсақ, 2022 жылы 121 ауру бойынша 18 жасқа дейінгі 622 мың бала, кәмелеттік жасқа дейінгі артрит, эпилепсия, пневмония, темір тапшылығы анемиясы, қант диабеті, рахит, дерматит, жіті респираторлық аурулар және т. б. аурулар бойынша қажетті препараттармен қамтамасыз етілді.

Орфандық дәрілік заттарды қамтамасыз ету бөлігінде ведомствоның бұйрығымен Бірыңғай дистрибьютордың тізбесіне қосымша орфандық препараттардың 40 атауы енгізілді. 8 мыңнан астам кішкентай пациент жұлынның бұлшықет атрофиясы, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы, кистозды фиброз (муковисцидоз), эпилепсия және т. б. сияқты сирек кездесетін ауруларға қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

МСАК ұйымдарында 845 «Отбасын жоспарлау»  кабинеті ашылды, онда жоспарланбаған жүктілік жағдайларын азайту үшін контрацепцияның заманауи әдістерін қолдану және іріктеу бойынша халыққа консультация берілді.

Бұдан басқа, республикада жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психоәлеуметтік көмектің ақпараттандыру деңгейін және қолжетімділігін арттыру үшін 200 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы 700 мыңнан астам жасөспірім мен жас репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойыншамМедициналық-психоәлеуметтік көмек алды.