ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРМЕН БІРЛЕСІП МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ҚАРАДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРМЕН БІРЛЕСІП МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ҚАРАДЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжіліс залында Парламент депутаттарымен, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен бірлесіп мүгедек адамдармен кездесу өткізді. Кездесуге шақырылған қатысушылар бүйректі трансплантаттау кезегінде тұрған науқастардың өмірін сақтап қалу үшін мәйіт донорлығын дамыту, медициналық ұйымдарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, санаторийлік-курорттық емдеуді нақты регламенттеу, ақыл-ой денсаулығы бұзылған балалар үшін мүгедектікті растау мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, министрге білдірген өтінішінде Гемодиализ пациенттері қауымдастығының өкілі Айжан Қударова елімізде мәйіт донорлығын белсенді дамытуға шақырды, ол сондай-ақ шетелде ағзаларды трансплантаттау үшін мемлекет тарапынан квота бөлудің орындылығы туралы мәселені қозғады. Жауап ретінде министр биыл Беларусь Республикасымен қазақстандық балаларға бүйректі трансплантаттау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бүгінде Қазақстанда ауыр бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар 3400 адам, оның ішінде 80 бала донорлық ағзаны трансплантаттау кезегінде тұрғанын естеріңізге сала кетейік.
"Біз қазір Еңбек министрлігімен санаторийлік-курорттық емдеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз, онда барлығы қызметтердің саны мен сапасына қатысты регламенттелетін болады. Медициналық ұйымдардағы мүгедектер үшін кедергісіз ортаға келетін болсақ, МСАК көрсету қағидаларында мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасау жөніндегі талаптар көрсетілген, ал олар жергілікті органдардың деңгейінде сақталмайды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қарағанды облысының тұрғынының сұрағына жауап бере отырып. Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмекті жақсарту және қолжетімділігі, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы медициналық жабдықтармен, арнайы мамандармен қамтамасыз ету бойынша көтерілген мәселелерге
Министр проблемалық мәселелерді шешу бойынша тұрғындармен кездесу үшін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының сапарын ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды арнайы медициналық жабдықтармен жарақтандыру көзделген Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының көшірмесін таныстыру және жіберу тапсырылды. Кездесу барысында Ажар Ғиният әрбір сұраққа толық жауап берді, сондай-ақ ведомствоның құрылымдық бөлімшелеріне мүгедектігі бар адамдар айтқан проблемалық жағдайларды шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.