Біз Қазақстанда балалар травматологиясы мен ортопедиясы саласындағы инновацияларды белсенді енгізуді құптаймыз - Ажар Ғиният

Біз Қазақстанда балалар травматологиясы мен ортопедиясы саласындағы инновацияларды белсенді енгізуді құптаймыз - Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Г. И. Турнер атындағы ҒМЗО-ның Балалар травматологиясы және ортопедиясы ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Сергей Виссарионовпен, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы Арман Батпенмен және бас штаттан тыс балалар травматологы Болат Нағмановпен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мәселесі Ресейден келген әріптестердің Қазақстан Республикасының медициналық орталықтарымен тығыз ынтымақтастығы, сондай-ақ елдегі балалар травматологиясы мен ортопедиясы бағытын белсенді дамыту болды.
Министрмен кездесуден кейін Астанадағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының базасында Сергей Виссарионов "Омыртқаның аурулары мен зақымдануын емдеудің заманауи хирургиялық технологиялары" тақырыбында семинар өткізді.
28 сәуірде Сергей Виссарионов Академик Н. Ж. Батпенов атындағы ҰТОҒО дәрігерлерімен бірлесіп сколиоздың туа біткен ауыр түрімен 3 жасар балаға операция жасады.
Операция барысында ғалымдардың ең жаңа әзірлемесі - баланың толық дамуына кедергі келтіріп қана қоймайтын және сыртқы ақауларды тудыратын, сондай-ақ бұндай жағдайда хирургия кешіктірілсе, ауыр мүгедектікке әкелуі мүмкін патологияның ауыр түрін түзету үшін титан металл конструкциясы пайдаланылады.
Отандық өндірістің металл конструкциясы ерте шақтағы пациенттерде омыртқаның деформациясын түзетуге арналған. Операциядан кейін шамамен 2 жыл өткен соң, металл конструкцияны алып тастауға болады және бала толыққанды белсенді өмір сүре алады.
Қазақстанның барлық тілек білдірген ортопед-травматологтары үшін операцияның трансляциясы ZOOM көмегімен онлайн режимде өтеді.
10 жыл бойы Г. И. Турнер атындағы ҒМЗО мен және Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰТОҒО тығыз ынтымақтастық орнатуда. Өткен жылы тамыз айында орталықтардың арасында екі мекеменің базасында білім беру процесін ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, медициналық білім беру саласында ғылыми зерттеулер мен талдамалық зерттеулерді бірлесіп жүргізу, емдеудің жаңа хирургиялық әдістері мен инновациялық технологияларды әзірлеу саласындағы өзара ынтымақтастықты жандандыру көзделетін шартқа қол қойылды.