ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде бірқатар медициналық объектілерді аралап, халықпен және азаматтық сектормен кездесу өткізді.
Алғашқы келу объектісі тәулік бойы және күндізгі стационардың 106 төсегіне есептелген Теректі аудандық ауруханасы болды. Мұнда ересектер мен балаларға жалпы терапия, неонатология, хирургия, невропатология, жалпы дәрігерлік практика, акушерлік және гинекология сияқты бағыттар бойынша стационарлық және амбулаториялық - емханалық медициналық көмек көрсетіледі.
Аудандық аурухананың ұжымында 300-ден астам медицина қызметкері, оның ішінде 36 дәрігер және 169 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Аурухана басшылығымен әңгімелесуде кадрлық проблемалар талқыланды, атап айтқанда аудандық деңгейде окулист, невропатолог, кардиолог, балалар психиатры, УДЗ дәрігері, акушер-гинеколог сияқты мамандардың тапшылығы байқалады.
Ведомство басшысы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде МСАК-ты дамытудың басым бағыттарына назар аударды. Осылайша, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау, диспансерлік науқастарды уақтылы диагностикалау және есепке қою, аудандық аурухана мамандарының ауылдық МСАК объектілерімен тиімді өзара іс-қимылы мәселелері көтерілді.
Екінші объекті Ақсай қаласында орналасқан Бөрлі аудандық ауруханасы болды. Мұнда 600-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, оның 350-і медицина қызметкері. Аудандық аурухананың ішіндегі емхана 52 404 бекітілген халыққа қызмет көрсетеді. Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аурулардың профилактикасы, пациенттерді уақтылы диспансерлеу және контингентті динамикалық бақылаумен кеңінен қамту бөлігінде жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Бұдан әрі Ажар Ғиният өңірдің тұрғындарымен кездесуде денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту туралы айтты.
"Біз Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының шеңберінде кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде ел бойынша денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Батыс Қазақстан облысы бойынша жағдай келесідей: халықтың жалпы өлімі 29%-ға төмендеді. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 13%-ға, обыр-7% - ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім 34%-ға, ал туберкулезден болатын өлім-жітім 27%-ға төмендеді. Өңірде ана өлім-жітімі 2,9 есе азайды", - деп атап өтті министр.
Ол 2022 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 74,44 жасқа дейін, ал Батыс Қазақстан облысында 73,76 жасқа дейін ұлғайғанын еске салды.
Министр ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың басымдығын атап өтіп, ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулерді енгізу туралы айтты. "Өткен жылы Батыс Қазақстан облысының 36 мыңнан астам ауыл тұрғыны тексеріліп, 1,9 мыңнан астам адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясының белгілері байқалды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Ол 2023 жылы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 655 МСАК объектісінің құрылысы қамтамасыз етілетінін, оның ішінде 50 объекті Батыс Қазақстан облысында салынатынын хабарлады. Инсульт, инфаркт, жарақат және басқа жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсетудің жеделдігі мен қағидатын ұстана отырып, 32 ауданаралық аурухана жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды, оның ішінде телемедицинаны қайта жаңартумен және жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бұл пациенттерді қажетті медициналық тексеруден және емдеуден кейін алыс қашықтыққа бару қажеттілігінен құтқарады.
Мамандандырылған кардиохирургиялық және кардиологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР-да 2022-2023 жылдарға арналған қанайналым жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді және іске асырылуда.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. А. Ғинияттың айтуынша, осы бағдарламаның мүмкіндіктерінің арқасында өткен жылы Батыс Қазақстан облысында 495 квота бөлініп, 194 әйел жүкті болды, бүгінде 109 отбасы бала сүю бақытына ие болды. 2023 жылы 523 квота бөлу көзделген.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған қазақстандықтардың саны 16,4 млн.адамды немесе халықтың 83%-ды құрайды. Батыс Қазақстан облысында МӘМС жүйесінде 546,1 мың адам сақтандырылған немесе жалпы халықтың 82%-ы.
Министрмен кездесу барысында өңір тұрғындары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі, инсульт алған науқастардың мүгедектігін ресімдеу, перинаталдық орталықтардағы жағдайлар туралы түрлі сұрақтар қойды.
А. Ғиният өңір тұрғынының әрбір өтінішіне толық түсініктеме беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алып, ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.
Брифингте журналистер ведомство басшысына медицина қызметкерлерінің жалақысын есептеуге, МӘМС жүйесінің тиімділігіне, скринингтерден өтуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар қойды.