АСТАНАДА БАЛАЛАР АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГТАРЫН ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛУДЕ

АСТАНАДА БАЛАЛАР АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГТАРЫН ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛУДЕ

Бүгін Астанада "Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығы" РҚБ базасында Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ бастамасы бойынша ұйымдастырылған балалар анестезиолог-реаниматологтарына арналған "Ауыр жағдайда педиатриялық пациентті қадағалап-қарау" үш күндік симуляциялық оқыту курстары басталды.
Курстың ашылуында ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова және Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің Денсаулық сақтау бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Лаура Жеңісқызы Өтемісова құттықтау сөз сөйлеп, балалар реанимациясы қызметін дамытудың маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті.
Жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау, ана мен бала өлімін азайту мемлекет саясаты мен денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндеттері болып табылады.
ҚР ДСМ ЮНИСЕФ ұсынымдарын және әйелдердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудың 2016-2030 жылдарға арналған Жаһандық стратегиясын ұстанады, онда балалардың көрсеткішін жақсарту өліммен шектелмейді, олар өмір сүру, өркендеу және қайта құру бағдарламаларын қамтиды.
Балаларға медициналық көмектің жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шараларды іске асыру үшін педиатрия саласында даярланған мамандардың болуы қажет. Елде балалар анестезиолог-реаниматологтарының жетіспеушілігі өткір тұр және бүгінгі таңда медицинаның осы саласында жұмыс істейтіндерді ынталандыру, оларды қосымша кәсіптік білім мен дағдыларды алуға қолдау көрсету өте маңызды.
Симуляциялық курстың мақсаты - медицина персоналын аурудың алғашқы бірнеше сағатында ауыр жағдайдағы балалардың білімі мен дағдыларына үйрету, соның ішінде балалардың жүрегінің тоқтап қалуының алдын алу және қажет болған жағдайда емдеу.
Сонымен қатар, курстың шеңберінде балалардағы жарақаттарды басқару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, курс Еуропалық реанимация кеңесінің 2021 жылғы нұсқаулары мен оқыту әдістемесін қамтиды. 35 анестезиолог-реаниматолог дәрігерді оқыту мастер-класс, топтық талқылау, клиникалық моделдеу және тәлімгерлік бойынша интерактивті жаттығулар форматында өтеді.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификаттар, балалардағы ауыр жағдайларды диагностикалау және басқару, тыныс алу жолдары, тыныс алу және қан айналымы проблемаларын бағалау және емдеу, өмірлік маңызды функцияларды қолдау, шок пациентін қағалап-қарау, жаңа туған нәрестені реанимациялау бойынша білім алады.
Халықаралық сарапшылар Tgaipipd of Trainers – жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасы бойынша кейіннен оқыту үшін Ұлттық жаттықтырушылар командасын одан әрі қалыптастыру мақсатында қазақстандық мамандардың арасынан барынша тәжірибелі мамандарды таңдайды.