
2023 жылғы 20 сәуір күні Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Елінің ерке серісі» Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ақан серінің өмірі мен өнерін жария ету, өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылық пен қазақтың өнерін дәріптеу.
Аталмыш шараға онлайн және офлайн режимде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері «Senim» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Қабдөшұлы Какенов және облыстың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, Көкшетау жоғарғы медициналық колледж студенттері қатысты.
Мұндай атаулы күндерге орайластырып өткізілген шаралар ұлттық құндылықтың, оның мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз септігін тигізеді.
Өңірлерде, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінде бұл үрдісті қарқынды жалғастыру аса маңызды.
«Ақан серінің шығармалары мен өмір жолы солтүстік өңірмен тығыз байланысты. Жастар арасында осындай әдеби-мәдени кештерді жиі өткізу дұрыс деп ойлаймын» - деп атап өтті Министрліктің өкілдері.
Іс-шарада Ақан сері әсерлі де әйгілі «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Балқадиша», «Ләйлім шырақ» әндері орындалып, өнері әлемге танымал болған қазақтың бір туар ақынының өмір жолы туралы «Ақан сері» деректі фильм көрсетіліп, тың деректер қатысушылардың назарына ұсынылды.
Сонымен қатар Сал серінің «Құлагер» поэмасынан үзінді мен «Қыз сипаты» өлеңі оқылды.
Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Қорамсаұлы 1843 жылы қыркүйекте Қоскөл аулында дүниеге келген, қазір бұл Айыртау ауданына қарасты осы ауылға Ақан серінің есімі берілді. Ақан серінің шығармаларымен қазақ композиторлары мен орындаушыларының бірнеше буыны тәрбиеленді. Ақынның көптеген әндері операларда, қазақстандық композиторлар мен жазушылардың пьесаларында қолданылады, олар заманауи әншілер мен әртістердің репартуарында да орын алды.
Іс-шара соңында аталған іс-шараны өткізуге ат салысып, өздерінің өнерлерін көрсеткендері үшін барлық өнерпаздар Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.