Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА  БІРҚАТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар медициналық объектілерді аралады.

Алғашқы келу объектісі 260 төсектік стационары бар қалалық онкология орталығы және  бір ауысымда 150 адам қабылдауға арналған емхана болды. Онкология орталығының құрамында 50 төсектік химиотерапиялық бөлімше, 46 төсектік радиологиялық бөлімше, 25 төсектік паллиативтік бөлімше, 35 төсектік радиогинекологиялық бөлімше, 30 төсектік хирургиялық бөлімше, 25 төсектік маммологиялық бөлімше, 20 төсектік онкогематологиялық бөлімше, мұнда 30 төсектік күндізгі стационар, клиникалық-диагностикалық емхана, оның ішінде сәулелік диагностика бөлімшесі, цито-гистологиялық зертхана, клиникалық-диагностикалық зертхана орналасқан.

Медициналық ұйым ұжымында 85 дәрігер және 200-ден астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Бірінші вице-министр қалалық онкология орталығының жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, клиника басшылығымен шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді талқылады.

Әңгімелесу барысында пациенттерді емдеуде енгізілетін инновациялар да атап өтілді. Мысалы, қазіргі заманғы эндобейнехирургиялық кешендерді сатып алумен кеуде, іш және кіші жамбас ағзаларының ауруларына аз инвазивті операциялар жүргізу практикасы белсенді қолданылады. 2019 жылдан бастап мұнда аяқ-қол саркомалары кезінде ірі буындарды бір мезгілде протездеу әдістері енгізілді.

Сүт безі обырында науқастарды психологиялық және әлеуметтік оңалтуда үлкен рөл атқаратын күрделі тері-бұлшықет қиындыларын қолдана отырып, әртүрлі реконструктивтік-пластикалық операциялар жасалады. Соңғы 4 жылда орталықта 80-нен астам осындай реконструктивтік операциялар орындалды. Қазіргі заманғы Phillips AZURION биплан ангиографында-7 онкология орталығының мамандары 1854 рентгенхирургиялық операция жасады.

  Бұдан әрі Т. Сұлтанғазиев 400 төсекке есептелген № 2 қалалық ауруханада болып, өткен жылы 21 мыңнан астам пациент емделді. Ол медициналық көмек көрсету сапасының, әсіресе емханамен және ауылдық МСАК объектілерімен диспансерлік пациенттерді  есепке алу және емдеу, ҚЖА аурулары кезінде инсульттік науқастарға медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау бөлігінде мәселелеріне назар аударды.

Содан кейін Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі №1 қалалық емхананың жұмысымен танысты, ол 45 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда Тимур Сұлтанғазиев аурулардың профилактикасы, скринингтік зерттеулер жүргізудің тиімділігін арттыру, пациенттерді уақтылы диспансерлеуді жүргізу және ауруларды басқару бағдарламасын орындау бөлігінде жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ ол пациенттерді қолдау қызметінің рөлін бастапқы деңгейде жандандыруды ұсынды.

Оңтүстік мегаполистің медициналық ұжымдарымен кездесулерді қорытындылай келе,                               Т. Сұлтанғазиев онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау бойынша жұмысты күшейтуді, МСАК-тың озық тәжірибелерін кеңінен енгізуді, әкімдікпен бірлесіп медициналық мекемелерді кадрлық қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды, ұйымдар менеджментінің тиімділігін арттыру, жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына баруды бірінші вице-министр оқу орнымен танысудан және ОҚМА мұражайына барудан бастады.  Бұл мұражай 1979 жылы Академия құрылғаннан бергі тарихи деректер мен естеліктерді жинайды және сақтайды. Сонымен қатар, ол медицинаның негізі болып табылатын анатомия дәрісхана мұражайына барып, заманауи муляждармен танысты. Бірінші вице-министр академияның тест орталығында болып, қорытынды емтихандар жүйесінің әдістемелік және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты, содан кейін мұражайдың «тілектер кітабына» өз қолын қалдырды.

Бүгін жұмыс сапары бағдарламасы шеңберінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында халықпен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау және жергілікті өңірлік коммуникациялар алаңында брифинг өткізді.

Қала жұртшылығымен кездесуде Т. Сұлтанғазиев медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін күшейтуге, пациенттердің құқықтарын қорғауға, қоғамдағы дәрігерлер мәртебесін нығайтуға бағытталған күтілетін заңнамалық жаңалықтар туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ ведомствоның амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, кадр саясаты, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді, оның шеңберінде 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген.  Осы бағдарламаның қолданылуына байланысты 2022 жылы Шымкентте 413 квота бөлініп, 214 әйел жүкті болды, 90 отбасы бала сүю бақытына ие болды.

Кездесуге қатысушылар емханаларда тіркелу, амбулаториялық - емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді, сондай-ақ қала тұрғындарын оңалту еміне стационарларға жатқызу және емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы бейінді бөлімшеге пациенттерді ұзақ күту, ересек тұрғындарға стоматологиялық көмектің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.

Жеке қабылдау барысында азаматтар диспансерлік науқастарды дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етпеуге, уақтылы диагностикаламауға және диспансерлік есепке алуға қатысты сұрақтар қойды, атап айтқанда жүктілігі бойынша ерте есепке қою туралы сұрады. Шымкент тұрғындары Министрдің бірінші орынбасарына республикалық клиникалар деңгейінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу, мүгедектік тобын беру және санаторийлік-курорттық емделуге жіберу, онкологиялық диагнозбен емдеуге жатқызу мәселелерімен келді.

Барлық айтылған өтініштер мен сұрақтарға бірінші вице-министр толық жауаптар мен түсініктемелер берді, бейінді департаменттерге жүгінген азаматтарға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.

Күн соңында Тимур Сұлтанғазиев жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінің жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарды қабылдау тәртібіне, кадр тапшылығын шешу жолдарына, емханаларды медициналық техникамен жарақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.