АЖАР ҒИНИЯТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

АЖАР ҒИНИЯТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді, онда өңір халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Түркістан облысының 2022 жылғы денсаулық сақтау жағдайы туралы шолу баяндамасын жасады.
В. Дудник кардиологтардың, хирургтардың, эндоскопистердің тапшылығын атап өтіп, кадрлық мәселеге назар аударды.  Мәселені шешу ретінде резидент мамандарды оқыту мен өңірге дәрігерлерді тартудың есебінен кардиологтардың жетіспейтін кадрларын жинақтау, одан әрі оларды ЖСЖ жол картасы және УДЗ диагностикасы бойынша оқыту ұсынылды.
Сөз сөйлеу барысында вице-министр инсульт кезінде қайтыс болу жағдайларына талдау жүргізу, инсультпен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралармен инсульт қызметі бойынша өңірлік жол картасын ұсыну қажеттігін атап өтті.
Халыққа онкологиялық көмек көрсетудің негізгі проблемасы облыста онкология орталығының болмауы болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаурра Ахметнияз 2022 жылғы Түркістан облысы бойынша медициналық қызметтер және дәрілік заттар айналымы саласындағы бақылау нәтижелері туралы баяндама жасады.
Мәселен, өңірлерді негізделген шағымдар бойынша саралау нәтижелері бойынша Түркістан облысы 5 қолайсыз өңірдің ішінде - шағымдардың 70%-дан астамы негізделген.
Облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 57%-ға төмендеді.
Алайда, Л. Ахметнияз босандыру және балалар саласындағы емдеу-диагностикалық, тәсілдік және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды, сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметінің әлсіз жұмысына және медициналық ұйымдардың жабдықтармен жарақталуының төмендігіне назар аударды.
Сөзін қорытындылай отырып, Л.Ахметнияз әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету, жалақыны арттыру және перспективалық даму мүмкіндігі арқылы медицина қызметкерінің мәртебесін көтеруді ұсынды. ​ ​
Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бірқатар тапсырмалар берді. Осылайша, инфаркттан, инсульттан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту және сапалы скринингтер  мен емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге ерекше назар аудару қажет.
Сондай-ақ, жедел медициналық көмек мамандарын оқыту, тарифтерді көтеру мәселелері көтерілді.  Министр биылғы жылы педиатрия, жедел медициналық көмек, МСАК, диагностика (КТ, ЯМРТ, ПЭТ), патологиялық анатомия, онкология, босандыру, ревматология, трансплантаттау, буындарды ауыстыру, психикалық және туберкулезге қарсы емдеуді қоса алғанда, медициналық көмектің көптеген бағыттары бойынша тарифтер ұлғайтылатынын еске салды.
Бұдан басқа, тіркелген халық үшін амбулаториялық деңгейде дәрілік заттарды жоспарлау мәселелері талқыланды, оны тікелей жалпы практика дәрігері мен учаскелік дәрігер жүзеге асыруы тиіс.
Нәтижесінде, кеңесте айтылған барлық проблемалық мәселелерді шешу үшін өңірдегі жағдайды түзетуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет.