АЖАР ҒИНИЯТ ҰЛЫТАУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

АЖАР ҒИНИЯТ ҰЛЫТАУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы  Лаурра Ахметнияз Ұлытау облысы бойынша Медициналық қызметтер көрсету және дәрілік заттар айналысы саласындағы бақылаудың 2022 жылғы нәтижелері туралы шолу баяндамасымен сөз сөйледі.

Мәселен, Өңірлерді негізделген шағымдар бойынша саралау нәтижелері бойынша, Ұлытау облысы  «қызыл аймақта» - шағымдардың 50%-дан астамы негізделген. Медициналық қызметтердің сапасына қатысты шағымдар айтарлықтай үлес қосады. 

Ұлытау облысы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда төмендеді, алайда бұл ҚР-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Әр жағдай бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Шешім мен шараларды қабылдау үшін тексеру нәтижелері құзыретті органдарға жіберілді. 

Л. Ахметнияз босандыру және балалар саласындағы  емдеу-диагностикалық, тәсілдік және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды, сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметінің әлсіз жұмысына және медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жабдықталуының төмендігіне назар аударды.  

Кездесуде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова да сөз сөйледі.

Ахметова өз сөзінде денсаулық сақтау объектілерінің 49%-ы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелері бойынша санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтініне назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 49 ұйғарым шығарылды, жалпы сомасы          5 млн. теңгеден астам 68 әкімшілік хаттама жасалды.

Сонымен қатар, елімізде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, ұлттық күнтізбе шеңберінде тиісті халықты профилактикалық егулермен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Өңір бойынша қызылшаға қарсы вакцинациямен қамту 89%, оңтайлы көрсеткіш кезінде-95%-ды құрады. Бұл жағдай халықтың иммундық емес қабатының жиналуына және өсуіне және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Кездесудің соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халыққа медициналық көмек көрсетудің  сапасын жақсарту үшін жұмыс бағыттарын белгіледі.

«Медицина кадрларымен жасақтау, халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту бойынша жөнінде шаралар қабылдау қажет. Аурулардың профилактикасына, пациенттерді дер кезінде Д-есепке алуға назар аударыңыздар. МСАК-тың үздік тәжірибелерін енгізу,  МСАК жаңа стандартын енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет", - деді А. Ғиният.