АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.

Мәселен, Елорданың Ботаникалық бағында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі және Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің басшысы Скендер Сыла қатысқан «СӨЗДЕН ІСКЕ/ WALK THE TALK/ОТ СЛОВА К  ДЕЛУ» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру акциясы өтті.

Іс-шараны ашқан ҚР ДСМ басшысы Дүниежүзілік денсаулық күні адамдардың назарын денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті қолдауға және азаматтардың денсаулық пен әл-ауқатты қорғауға құқықтарын сақтауға аударуға бағытталғанын атап өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу дене белсенділігі мен саламатты өмір салтын насихаттаумен тығыз байланысты. Бағалау қорытындысы бойынша 2022 жылы ересектердің тек 18%-ы аптасына 150 минуттан артық физикалық белсенділікпен айналысады. Инфекциялық емес ауруларды азайтуда саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, алкогольді, темекі өнімдерін тұтыну сияқты мінез-құлық қауіп факторларының болмауы маңызды», - деді А.Ғиният.

Министр барлығын денсаулығын нығайтуға, профилактикалық скринингтік тексерулерден, вакцинациялаудан уақтылы өтуге шақырды.

«2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Баршаға денсаулық» ұранымен өтеді. Дені сау азаматтар – кез келген елдің басты даму әлеуеті», - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде бүкіл республика бойынша ауқымды акциялар, спартакиадалар, мектептерде ашық денсаулық сабақтары, емханаларда ашық есік күндері және басқа да іс-шаралар өтуде.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла жарысқа қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Үкіметі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновацияларды қолдау үшін зор күш-жігер жұмсайтынын атап өтті.

«Дені сау ұлт» және «Адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту үшін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесін қосады. ДДҰ ұйымның негізгі бастамаларының ұлттық жоспарларға интеграциялануын жоғары бағалайды және техникалық және әдіснамалық қолдау көрсетуді жалғастыруға міндеттенеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің рөлін күшейтуге және олардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады. Біз сіздің ДДҰ болғанымызды мақтан тұтамыз және денсаулықты нығайту, бейбітшілікті сақтау және осал топтардың игілігі үшін қызмет етуді жалғастырамыз», - деп қорытындылады Скендер Сыла.

Дене белсенділігін насихаттау мақсатындағы жарысқа 1 мыңнан астам адам қатысты.

Физикалық белсенділіктің болмауы жаһандық ауқымда өлімнің себептері болып табылатын маңызды қауіп факторларының төртіншісі болып саналатынын (бұл әлемдегі өлім-жітімнің жалпы санының 6% құрайды) айта кету керек. Одан кейін жоғары қан қысымы (13%), темекі шегу (9%) және қандағы глюкозаның жоғары деңгейі (6%). Артық салмақ пен семіздік әлемдегі өлім-жітімнің жалпы санының 5%-ын құрайды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде А. Байтұрсынұлы атындағы Binom school-да «Денсаулық сабағы» ашық сабағы, Астана қаласы әкімдігінің № 9 қалалық емханасында « Ашық есік күні» және «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерінің ҚР ДСМ, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің өкілдерімен кездесуі өтеді.