АЖАР ҒИНИЯТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

АЖАР ҒИНИЯТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңестің жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник шолу баяндамасымен сөз сөйлеп, медицина және денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді, соның ішінде кадр тапшылығын, медициналық көмектің сапасының төмендігін және қажетті жабдықтың жоқтығын атап өтті.

Өз кезегінде инсульт орталығын құру, жаңа жабдықтармен жарақтандыру, медицина кадрларымен жасақтау бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, сапаны жақсарту және халыққа медициналық қызмет көрсетумен қамту қажеттілігі атап өтілді.

Вице-министр босандыру және балалар саласындағы емдеу-диагностикалық, тәсілдік және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Бірінші - жергілікті атқарушы органдардың тарапынан тиісті шешім таппайтын акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, педиатрлардың және анестезиолог-реаниматологтардың созылмалы кадр тапшылығы.

Перинаталдық орталықтардың медициналық жабдықтармен нашар жабдықталуы, жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасының төмендігі, ауыр акушерлік асқынуларды уақтылы диагностикаламау, стационарға кеш жатқызу орын алуда.

Облыстың бастапқы буын медициналық ұйымдарының жұмысын бағалауға көше отырып, ол скринингтік зерттеулердің төрт түрі – ҚЖА – 4,1%, қант диабеті – 0,9%, глаукома – 0,1%, жатыр мойны обыры – 23,1% бойынша динамикалық байқаумен қамту жеткіліксіз жолға қойылғанын атап өтті.

Облыс халқына медициналық-санитариялық алғашқы көмекті барлығы 330 медициналық ұйым, оның ішінде 88 медициналық пункт, 66 фельдшерлік-акушерлік пункт және 145 дәрігерлік амбулатория көрсетеді.

Облыстың кардиоқызметінің проблемалық мәселелерінің қатарында тозуы 100% құрайтын ангиографиялық қондырғыны ауыстыру қажеттілігі, медицина кадрларымен – кардиологтармен, облыстың бірқатар аудандарын функционалдық диагностика дәрігерлерімен жасақтау қажеттілігі, сондай-ақ облыстың бірқатар аудандарында инвазивті емес диагностика жабдықтарының тапшылығын жою белгіленді.

Өңірдегі онкологиялық көмек медициналық және техникалық жабдықтардың тозуының жоғары пайызы шеңберінде паталогиялық-морфологиялық қызметтің кадр тапшылығы бар Алматы өңірлік көп бейінді клиникасында көрсетіледі. Қазіргі уақытта клиниканы жаңа жабдықтармен жабдықтау мәселесі шешілуде.

Сондай-ақ, кеңестің барысында МСАК-та фтизиатрлар мен фтизиопедиатрлардың тапшылығы байқалды. Облыс ЖКО жағдайлары бойынша елімізде бірінші орында тұр, бұл да тиісті кадрлардың жетіспеуіне байланысты травматологиялық көмек көрсету мәселесіне алып келеді. Кеңесте ТЖД, ЖКО мемлекеттік органдарының назарын авариялық-қауіпті учаскелердің картасын әзірлеумен көптеген ЖКО-ға аудару керек екендігі айтылды.

Сондай-ақ аудандық ауруханаларды медициналық мақсаттағы бұйымдармен және АВФ аппараттарымен материалдық-техникалық жарақтандырумен жиынтықтау, өңірде жарақаттану мен медициналық көмек көрсету кезеңдерін мониторингілеу мақсатында Алматы қаласындағы КБКА АҚ облыстық ауруханасында ахуалдық орталық ашу және Қонаев қаласындағы қалалық аурухана базасында медициналық оңалту және қалпына келтіру емі бөлімшелерін көздеу қажет.

В. Дудниктің айтуынша, хирургия бойынша облыстың төсек қоры бейіндер бойынша бөлуді қажет етеді. Хирургиялық бөлімшелердің құрамында травматология, нейрохирургия, урология және т. б. сияқты басқа бейіндер бөлінбейді. Жалпы, облыс бойынша хирургиялық қызметке байланысты мынадай проблемаларды бөліп көрсетуге болады: кадрлардың жетіспеушілігі, бейінді емес емдеуге жатқызу, онкологиялық аурулардың асқынулары кезіндегі диагноздарды дұрыс кодтамау, эндоскопиялық гемостаз жүргізуге арналған шығыс материалдарының жетіспеушілігі, шұғыл жағдайларға жол бермеу үшін жарық ақаулары және асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы аурулары бар науқастарға жоспарлы санация жүргізу бойынша МСАК-тың жеткіліксіз жұмысы.
«Облыстың барлық емханаларында Еңбекшіқазақ ауданының мысалында МСАК-тың үздік тәжірибелерін енгізу қажет. Аурулардың профилактикасына назар аудару, скринингтік зерттеулер жүргізудің тиімділігін арттыру, пациенттерді уақтылы диспансерлеуді жүргізу.
Иммундық қабатты қалыптастыру үшін тиісті халықты профилактикалық егулермен қамтуды ұлғайту қажет», - деп қорытындылады Алматы облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесуде министрдің міндетін атқарушы.