ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТРАМАДОЛДЫ ДӘРІХАНА ЖЕЛІСІНДЕ ЗАҢСЫЗ САТУДЫҢ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТРАМАДОЛДЫ ДӘРІХАНА ЖЕЛІСІНДЕ ЗАҢСЫЗ САТУДЫҢ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі заттарының тізіміне енгізді. Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.

Тиісті қаулы қолданысқа енгізіле отырып, трамадолды сату үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия қажет. Арнайы лицензиясы жоқ, бірақ трамадолы бар ұйымдар дәрі-дәрмектерді көтерме жеткізушіге қайтаруы керек. Дәл осындай талаптар көтерме жеткізушілерге де қатысты.

Енді кәсіпкерлерге сату ережелерін бұзғаны үшін 80-ден 160 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл салынады немесе қылмыстың ауырлығына байланысты 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Құрамында этизолам, кетамин және трамадол заттары бар дәрілік заттарды лицензиясыз сатқан жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектілер мен жеке тұлғаларға қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылық қауіп төндіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыреті шеңберінде құрамында трамадол бар дәрілік заттарды рецептсіз сатудың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Мәселен, 2020 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті препаратты заңсыз сатудың 45 фактісін анықтап, 4 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салды. 2021 жылы 8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен осындай 80 факт анықталды. 2022 жылы 18,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 137 факт анықталды және 2023 жылдың 3 айында 1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 11 факт анықталды.
ҚР ДСМ дәрілік заттарды лицензиясыз сатқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.