Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйін, проблемалық мәселелерді ескере отырып, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасына енгізілген негізгі міндеттер мен іс-шаралар айқындалды.
«Денсаулық сақтау министрлігі 8 іс-шараның негізгі орындаушысы және 9 іс-шараның бірлескен орындаушысы болып табылады. Кешенді жоспарда халықтың хабардар болуынн арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында халықтың барлық топтарының арасында кең ақпараттық науқан жүргізу көзделген. Кешенді жоспарға өңірлік және республикалық психикалық денсаулық орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, қызметті қаржыландыру тәсілдерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар енгізілген», - деп атап өтті Т.Сұлтанғазиев.
Тәуелділігі бар адамдарды емдеудің тиімділігін арттыру ремиссияның мерзімі мен ұзақтығын бекітуге және толық емделуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін медициналық-әлеуметтік оңалтумен тікелей байланысты.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 3 кезеңдік бағдарлама тек 11 өңірде пациенттер үшін қолжетімді. Қалған 9 өңірде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Ресми статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда психоактивті заттарды қолданудың салдарынан динамикалық бақылауда 108 851 адам, оның ішінде алкогольге тәуелді – 90 608 адам, есірткіге тәуелді – 18 243 адам тұрады. Есірткіге тәуелділікпен ауыратын адамдардың арасында 1 498 әйел және 97 кәмелетке толмаған бала.
«Синтетикалық» есірткі деп аталатын жаңа психоактивті заттарға тәуелді адамдар санының өсу тенденциясы байқалады.
Т. Сұлтанғазиев соңғы жылдары психикалық денсаулық қызметінде болған бірқатар оң өзгерістер туралы айтты.
Осылайша, медициналық көмек көрсету құрылымы оңтайландырылды: 2016 жылы 47 психиатриялық және наркологиялық диспансер 17 өңірлік психикалық денсаулық орталықтарына біріктірілді. Қалалық аумақтық емханаларда амбулаториялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық жерлердегі аудандық ауруханаларда 82 бастапқы психикалық денсаулық орталығы және 203 психикалық денсаулық кабинеті ашылды. Есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды дамыту мақсатында медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерінің саны 5-тен 11-ге дейін ұлғайды. 
Ол сондай-ақ қызметтің кадрлық қамтамасыз етілуі туралы хабардар етіп, психиатр-наркологтардың саны 12%- ға, резиденттер саны 5 есе: өткен жылдың қорытындысы бойынша 30-дан 152-ге дейін өскенін атап өтті.