ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МСАК БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА 100-ДЕН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН КҮТЕДІ

ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МСАК БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА 100-ДЕН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН КҮТЕДІ

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтті.
Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨТКТКК) Өңірлік директорға консультация беретін, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайтын Еуропалық өңір деңгейіндегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДҰ делегациясын құттықтап, Қазақстанда дүниежүзілік ұйымның Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің отырысы алғаш рет өтіп жатқанын атап өтті.
Ол бұл Комитет 12 елдің: Ұлыбритания, Испания, Греция, Чехия, Украина және басқа да еуропа елдерінің өкілдері қатысатын еуропалық бюроның басқарушы органдарының бірі екенін еске салды. Комитеттің базасында Еуропалық деңгейде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқылануда. Мұнда саланың жаһандық даму жолдарын талқылайтын бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылар ұсынылған.
«Биылғы жылы МСАК мәселесі мен Астана декларациясы екі негізгі халықаралық іс-шара барысында талқыланатын болады. Біріншіден, қыркүйек айында МСАК мәселесі БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесте талқыланатыны біз үшін маңызды.
Доктор Клюге, осыған байланысты біз өңірде МСАК дамытудағы көшбасшылығымызды ескере отырып, осы кеңесте МСАК мәселесін талқылау кезінде Қазақстанның бірлесіп төрағалық етуінен қолдау сұраймыз.
Екіншіден, 23 қазанда Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына және Астана қаласының МСАК бойынша декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуына арналған МСАК бойынша халықаралық конференция өтеді. Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырады», - деп атап өтті Ажар Ғиният.
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Клюге өз кезегінде төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылдағы елдердің дайындығын, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірдегі халықтың денсаулығын нығайту мен әл-ауқатын арттыруды қоса алғанда, Еуропа өңірі елдеріндегі денсаулық сақтау саласындағы басым мәселелер бойынша өңірлік деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Бұл ретте өңірлік директор елдермен ынтымақтастықтың, техникалық қолдау көрсетудің, оқыту іс-шараларын өткізудің және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу және COVID-19 таралуының алдын алу бойынша үдемелі және тиімді жұмыс жүргізгені атап өтілді.
Қазақстан 2020 жылдан бастап ӨКТК мүшесі болып табылады, Комитеттің жұмысына белсенді қатысады. 2022 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Өңірлік комитеттің Тұрақты комитетінің төрағасы болып табылады, бұл ел үшін үлкен мәртебе болып табылады және Қазақстан мен ДДҰ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді.
Биыл Қазақстанның ӨКТК-ға төрағалығы шеңберінде С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ӨКТК көшпелі кездесуінен өтуде.
Кездесу барысында ӨКТК мүшелеріне Өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы ақпарат ұсынылды, төтенше жағдайларға ден қою мәселелері, ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы бағдарламасының жобасы және МСАК бойынша халықаралық конференция талқыланады.
2023 жылғы 23 қазанда Астана қаласында Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана МСАК Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша халықаралық конференция өтетінін айта кеткен жөн.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға 100-ден астам елдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы мамандар офлайн және онлайн режимде қатысады.
24-26 қазанда Астанада жаһандық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, оның ішінде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде қорғау, денсаулық пен әл-ауқат деңгейін арттыру, сондай-ақ елдер үшін ДДҰ қолдауының тиімділігін арттыру мақсатында ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 53-ші мүше мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен 73-ші сессиясын өткізу көзделіп отырғанын естеріңізге сала кеткен жөн.