ҚР Денсаулық сақтау министрлігі нефрологиялық көмекті дамыту бойынша Жол картасын әзірлеуге ниетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі нефрологиялық көмекті дамыту бойынша Жол картасын әзірлеуге ниетті

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен нефрологиялық қызметтің проблемалық мәселелері, оның ішінде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға гемодиализ көмегінің жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес өтті.

Кеңеске министрліктің бас штаттан тыс нефрологы С. К. Туғанбекова, «UMC» ҚҚ директорының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы В.К. Алтынова, «МУА» КеАҚ нефрология, гематология кафедрасының меңгерушісі Д.К. Тұребеков, «МУА» КеАҚ Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының профессоры О.Ж.Нарманова, профессор, медицина ғылымдарының докторы Б.Г.Сұлтанова, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында бүйрек патологиясы бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудің, гемодиализ орталықтарын қаржыландырудың, диализ орталықтарында медицина қызметкерлерін оқытудың, пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етудің, жүргізілетін диализ рәсімдерінің сапасының өзекті мәселелері, сондай-ақ нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Талқылауға ұсынылған ұсыныстарды ескере отырып, Министрлік Нефрология, пациент және үкіметтік емес ұйымдар саласындағы жоғары білікті мамандарды тарта отырып, республика халқына нефрологиялық көмекті одан әрі дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлейтін болады.