ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайғырып көңіл айтады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайғырып көңіл айтады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сейітжамал Орынбасарұлы Пакеевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Сейітжамал Орынбасарұлы 42 жылдан астам өмірін денсаулық сақтау жүйесіне арнаған тәжірибелі маман еді.

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін ол Шымкент облыстық ауруханасында невропатолог дәрігер, содан кейін оңтүстік өңірінің бірқатар медициналық мекемелерінде бас дәрігер болып жұмыс істеді, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Біз оны дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеген шынайы кәсіпқой, жанашыр әріптес ретінде еске аламыз.