А.Ғиният Алматыдағы Акушерлік және гинекология ғылыми орталығында болды

А.Ғиният Алматыдағы Акушерлік және гинекология ғылыми орталығында болды

Бүгін жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекологтар және перинатология ғылыми орталығына барды.

Орталықтың жетекші мамандары мен Басқарма Төрағасы Гүлфайруз Оразбаеваның , сондай-ақ қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Нина Амировна Каюпованың және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚММУ ректоры Марат Шорановтың қатысуымен ведомство басшысы ғылыми орталықтың жұмысымен танысты.

Министр қабылдау бөлмесінде, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, босану блогында, жедел гинекология бөлімшесінде, акушерлік және экстрагениталдық асқынулары бар жүкті әйелдерге арналған бөлімшеде, «Ана мен бала» бөлімшесінде, жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінде болды.

Басшылықпен кездесу барысында әйелдер денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асырудың маңызды мәселелері талқыланды.

Министр орталықтың өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін талқылады. Ол клиникаға күрделі жаңғырту қажет, күрделі жөндеу және заманауи жабдықтармен жабдықтау қажет екенін атап өтті.

«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ 1975 жылы құрылған және қазір Қазақстандағы ең ірі ғылыми мекемелердің бірі болып табылады. Орталықтың негізгі міндеті - мемлекеттің халықтың репродуктивтік денсаулығын сақтау саласындағы саясатын іске асыру, перспективалық ғылыми зерттеулерді айқындау және үйлестіру, әлемдік ғылыми қоғамдастыққа ықпалдастыру.

Жыл сайын клиника жоғары қауіпті топтағы жүкті әйелдерге және Қазақстанның оңтүстік 10 өңірлерінен келген гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді.