НАУРЫЗДЫҢ БІРІНШІ АПТАСЫНДА ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

НАУРЫЗДЫҢ БІРІНШІ АПТАСЫНДА ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

2023 жылғы 1-7 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде жастар арасында профилактикалық жұмысқа бағытталған жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндері өткізілетін болады.

Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, олардың қауіпсіз мінез-құлқы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

ЖДО өз қызметінде денсаулықты сақтауға, жасөспірімдердің арасындағы қауіпті мінез-құлықты төмендетуге, әлеуметтік сүйемелдеуге және ізгі ниет, қолжетімділік, еріктілік және сенім қағидаттары негізінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді технологияларды пайдаланады.

ЖДО мамандары жұмысының маңызды бағыты өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету болып табылады.

Жастар орталықтарында репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек алуға болады. Сондай-ақ, аталған орталықтарда дұрыс құнарлы тамақтануды, дене белсенділігін, спортпен шұғылдануды, тамақтануды ілгерілету мен насихаттауды қоса алғанда  саламатты өмір салтын ұстану дағдыларын ілгерілету және қалыптастыру; аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы (нашақорлықтың, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы бар бұйымдарды, темекіні жылытуға арналған жүйені, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды, алкоголді және басқа да психоактивті заттарды тұтынудың профилактикасы), жасөспірімдер мен жастарды денсаулықты нығайту және алдын алу мәселелері бойынша, өмір салтына байланысты аурулар, оның ішінде репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша гигиеналық оқыту белсенді жүргізілуде.

Жастар денсаулық орталықтарының репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі қызметтері:

- 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға;

- 29 жасқа дейінгі жастарға ұсынылады.

Ақпараттық науқан шеңберінде мамандар (акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог) консультациялар, психологиялық консультациялар және семинар-тренингтер өткізу арқылы репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.