ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕЛДІК ОФИСІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ  ЕЛДІК ОФИСІНІҢ  ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАДЫ

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы (бұдан әрі – ҰҚДО) ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен  «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» ұлттық зерттеуінің қорытындысы бойынша «Қазақстанның балалары мен жасөспірімдерінің денсаулығы мен амандығы»атты дөңгелек үстелге шақырады.

Зерттеу қорытындысы балалардың отбасымен қарым- қатынасы, құрдастарымен қарым-қатынасы, мектепке деген көзқарасы, мұғалімдер мен сыныптастарының қолдауы, өмірге қанағаттану, психикалық әл-ауқат, COVID-19-дың балалар өміріне әсері, тамақтану, физикалық белсенділік, балалардың созылмалы аурулары және мүгедек балалар, репродуктивті денсаулық, темекі  және вейптер шегу, алкоголь мен каннабисті тұтыну, жарақат алу және төбелеске қатысу, қорқыту және кибербуллинг, әлеуметтік желілермен онлайн байланыс.

Дөңгелек үстел барысында:

- Ұлттық есепте көрсетілген 2018 жылдан бері болған өзгерістер динамикасымен 2022 жылғы HBSC зерттеуінің нәтижелері ұсынылған;

- жиналған деректердің негізінде ел және өңірлер деңгейінде балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу үшін одан әрі іс-қимылдар талқыланады.

Оқушылар балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты талқылау және шешім қабылдау процесіне қатысу үшін дөңгелек үстелдің негізгі қатысушылары болады.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің сенаторы Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы доктор Скендер Сыла, ДДҰ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова, ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының басшысы Ержан Жиренбай, Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының  балаларды қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Азамат Жаманчинов, ЮНЕСКО-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Білім және денсаулық жөніндегі кеңесшісі Тигран Епоян және т. б. қатысады.

Іс-шара 2023 жылғы 27 ақпанда, сағат 14-00-де Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 8А мекенжайында орналасқан Park Inn by Radisson Hotel қонақ үйінде, № 4+5 конференц-зал, 2-қабатта өтеді.

БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 27 ақпан сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.

Қатысу туралы ақпаратты эл. пошта: press.ncoz.mz@gmail.com, тел.: 954151, моб. тел.87781376357.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі: press.ncoz.mz@gmail.com, жұм тел.: 954151, моб. тел.87781376357.

ДДҰ байланыстары: +77017050416, gabbassovaa@who.int - Әсел Ғаббасова