АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КУРСТАР БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КУРСТАР БАСТАЛДЫ

Астанада биылғы жылы «Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері» оқу курсының алғашқы ағымы басталды.

Курстар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері үшін әзірленді. Оқу циклін әзірлеуші және ұйымдастырушы – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы  Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК.

Оқыту 20 ақпан мен 17 наурыз аралында болады. Оған қатысу үшін елордаға республиканың 13 өңірінен 26 адам, оның ішінде медициналық техниканы жоспарлау мен қамтамасыз етуге жауапты денсаулық сақтау менеджерлері келді.

Бұл 2022 жылғы қарашада басталған оқу курсының екінші ағымы. Бір айдың ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және өткізілетін орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, технологияларды бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша толық ақпарат берілетін болады.

Курс бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,  Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы, «СҚ-Фармация» ЖШС, «Turar Healthcare» КеАҚ, медициналық техника, оның ішінде отандық өндірушілер өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізуді көздейді.  

Курс бағдарламасының шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласының жетекші медициналық клиникаларына бару жоспарланған. Оқытуды жоғары білікті сарапшы-практиктер жүргізеді.

«Мұндай мамандарға деген қажеттілік қазіргі уақытта бүкіл республикада, әсіресе өңірлерде өте жоғары. Осыған байланысты біздің Министрлік осы біліктілікті арттыру курсын әзірлеуді тапсырды. Біз бұл оқу циклін әзірлеуге өте байыппен қарадық және медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу саласындағы барлық мәселелерді қамтуға тырыстық. Жаңа білім ең аз шығындармен сапалы жабдық алуға көмектеседі деп үміттенеміз»,-деді оқу циклінің ашылуында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.