ШЫМКЕНТТЕГІ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГТАРҒА ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПАТОЛОГИЯНЫ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕГІ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГТАРҒА ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПАТОЛОГИЯНЫ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Шымкент қаласының акушерлік-гинекология және генетика саласындағы медицина мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.

Кәсіби деңгейін одан әрі дамыту және білімін үздіксіз жетілдіру үшін ҚР ДСМ бас штаттан тыс генетигі м. ғ. д., профессор Гүлшара Әбілдинова «Генетикалық патологияны диагностикалаудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар сабағын өткізді. Медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасу мақсатында ол Шымкент қаласының қалалық перинаталдық орталығына және Ұрықты сақтау орталығына барды.

Сындарлы әңгімеде ол генетикалық патологияларды анықтаудың тиімді және заманауи әдістерімен бөлісті, әріптестері алынған нәтижелер туралы пікір алмасты.

Ұрық пен жаңа туған нәрестенің туа біткен ақауларын азайту бойынша ұйымдастырушылық және емдік-профилактикалық шаралар басым болып табылады. Қазіргі уақытта пренаталдық диагностика ұрықтың даму ақауларының жеке профилактикасының  жалғыз шарасы болып табылады.