А. ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

А. ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде өңірдің медициналық ұйымдарының басшыларымен медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңестің жұмысына бас дәрігерлермен Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының, ӘлМСҚ аумақтық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, МФБКД басшылары қатысты. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 27%- ға төмендеді, ол республикалық орташа мәннен 1,5 есе асып түсті. Өңірде өлім - жітім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады – ҚЖА-дан 42%-ға, қатерлі ісіктерден - 9%-ға, жарақаттар мен уланулардан – 7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер орташа республикалық мәннен асып түседі – қанайналым  жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%-ға, қатерлі ісіктерден 50%-ға, жарақаттар мен уланулардан 47%-ға жоғары.

ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің деректері бойынша Павлодар облысының медициналық мекемелері ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі 58,3%-ды құрады, бұл ретте көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді, мониторинг қорытындысы бойынша халықтың шағымдарының 11,5%-ы негізделген болып табылды.

Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, бастапқы буындағы медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерді динамикалық бақылаудың төмен сапасына, ауыр акушерлік асқынуларды уақтылы диагностикаламауға, стационарға кеш жатқызуға, стационарға түскен кезде жүкті әйелдің жай-күйін барабар бағаламауға жол беріледі, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде жеткіліксіз мониторинг жүзеге асырылады, осыған байланысты ана өлімінің көрсеткіштері артып келеді. 

«Міне, қалалық емханалар бөлінген қаражатты қаншалықты тиімді пайдаланатынын көрейік? Сізде өлім-жітімді азайту, емдеуге жатқызу үшін басымдықтар болуы керек, жақсы мамандарды, көшбасшылық қабілеті бар сауатты денсаулық сақтау менеджерлерін тарту керек, әрбір медициналық ұйымның даму жоспары және нақты мақсаты болуы керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Министр дәрігерлерге Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасының негізгі қағидаттарын айтып берді.

«Бұл реформа алғаш рет біздің елімізде енгізілуде, дәрігерлердің құқығы  қорғалады, пациенттің денсаулығына келтірілген залал сақтандыру қаражатының есебінен өтеледі. Жалпы медициналық көмекті жақсартуға келетін болсақ, ұсыныстар енгізіңіздер, біздің «осал тұстарымызды» бірге талқылайық, неге бұйрықтар медициналық ұйымдарға түскеннен кейін олар талап етілгендей орындалмайды», - деп сұрады дәрігерлерден А.Ғиният.

«Біз адамдардың жағдайын түсінуге тырысуымыз керек, адамдар пандемиядан шықты, көптеген адамдар дағдарысқа, депрессияға ұшырады, келісімге келу керек, олардың қажеттіліктерін білу керек», - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.