ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША 194 ҰШУ ОРЫНДАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША 194 ҰШУ ОРЫНДАЛДЫ

Медициналық авиацияның мобилдік бригадалары 2022 жылы Қарағанды облысы бойынша барлығы 194 ұшуды орындады. Барлығы 225 медициналық қызмет көрсетілді: 208 пациент тасымалданды (92,5 %), 8 пациентке күндізгі консультациялық көмек көрсетілді, аудандық ауруханалар жағдайында 9 пациентке операция жасалды.

Өңірде медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсетуде бірінші орында қанайналым жүйесі ауруы бар пациенттер тұр.

Жердегі медициналық авиация ауыр пациенттерге 2022 жылы 650 рет барды, 687 медициналық қызмет, оның ішінде балаларға - 250 медициналық қызмет көрсетілді.

Санитариялық автокөлікпен алыс қашықтыққа шығу қолайсыз метеожағдайларда, жарық күннің қысқа болуына (тәуліктің түнгі уақытында) және әуе көлігімен тасымалдауға қарсы көрсетілімдерге байланысты жүзеге асырылды.

Медициналық авиация желісі бойынша шұғыл пациенттерге қызмет көрсетуді құрамына Қарағанды облысының облыстық медициналық ұйымдарының мамандары тартылған медициналық авиацияның мобилдік бригадаларының білікті құрамы жүзеге асырды. Шұғыл қызмет мамандарының үйлесімді жұмысының, мамандарды шалғай аудандарға жеткізудің арқасында жүздеген пациенттеріміздің өмірлерін сақтап қалдық.

Қарағанды облысының аумағы 239 045 шаршы км құрайды және халықтың тығыздығының төмендігімен, елді мекендердің арасындағы үлкен қашықтықпен сипатталатын аумақтық-демографиялық ерекшеліктерге ие. Өңірлік медициналық авиация қызметін үйлестіруші дәрігер Думан Серікбекұлы Исабаев басқарады.