
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың үкіметтік делегация құрамында Ұлытау облысына жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапары барысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен әлеуметтік блок мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Айжан Есмағамбетова облыстың бірқатар медициналық объектілерінде, соның ішінде облыстық фтизиопульмонология орталығында, модулдік инфекциялық госпиталда және Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасында болып, жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, жұмыс сапары шеңберінде вице-министр А.Есмағамбетованың облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі департаментінің ұжымымен кездесуі өтті, онда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.