Қазақстандағы коронавирус бойынша 19 наурыздағы 18.00 сағ. жағдай

Қазақстандағы коронавирус бойынша  19 наурыздағы 18.00 сағ. жағдай

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 44 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 19, Нұр-Сұлтан қаласында – 25 адам. Стационарлық карантинде 860 адам, үй карантинінде 2611 адам жатыр.

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 885 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 262, 1 «б» санаты бойынша – 1766, 2-ші санат бойынша – 857 адам.

Мониторингке алынған 2 мың 885 адамның 724-іне бақылау тоқтатылды.

19 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 161 адамға мониторинг жүргізуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 157 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 47 адам, 2-ші санат бойынша – 53 адам, 3-ші санат бойынша - 57 адам.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Әлемде 174 елде 218 660 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде әлемнің басқа елдерінде (ҚХР-дан басқа) – 137 732 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,4% құрады), оның ішінде – 5 705 өліммен аяқталған, өлім көрсеткіші - 4,1 %.

1 «а» санаты бойынша: Италияда - 35 713 оқиға, Иранда – 17 361 оқиға, Испанияда – 14 769, Германияда – 12 327 оқиға, Францияда – 9 134 оқиға.

1 «б» санаты бойынша:

ҚХР-да - 80 928 оқиға, Оңтүстік Кореяда – 8 413 оқиға, Шенген елдері бойынша – 15 801 оқиға.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:

- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;

- сырқат адамдарға жақындамау;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.

 

ҚХР бойынша ресми  дерек http://www.nhc.gov.cn/yjb/new_index.shtml

Басқа елдер бойынша дерек  https://www.worldometers.info/coronavirus/#age