МЕРЕКЕНІҢ БІРІНШІ КҮНІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 33 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

МЕРЕКЕНІҢ БІРІНШІ КҮНІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 33 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Мерекелік жаңа жыл күндері шұғыл медициналық көмек қызметінің жұмысы көбейеді.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс тәулігінде Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 33370 шақыртуды қабылдады және қызмет көрсетті, бұл орташа айналымнан 20%-ға жоғары.

Бұл жағдайда жеделдіктің бірінші санатындағы қоңыраулар (мысалы, себептер: кеудедегі ауырсыну, шок, тыныс алудың тоқтауы және басқа жағдайлар) 4%-ды құрайды.

Жеделдіктің екінші санатындағы қоңыраулар 23%-ды немесе 23 575-ті құрайды. Бұл санатқа жүрек қағысының бұзылуы, атипті ауырсыну немесе оқшауланған жарақат сияқты  және басқа да шақытулар жатады.

Шұғылдықтың үшінші санаты бойынша шақыртуға ЖМК бригадалары 9,5 мыңнан астам жағдайда (28%) шықты.
Шығудың ең үлкен үлесі - 4 санат (созылмалы аурулардың асқынуы) - қоңыраулардың 45%-ын құрайды.