
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдауда.
Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы автокөлік сатып алынды.
Автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі 2022 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласында өтті.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.