ҚАЗАҚСТАНДА «ЦЕРБЕР» ШТАММЫНЫҢ АЙНАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «ЦЕРБЕР» ШТАММЫНЫҢ АЙНАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстанда толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штаммы вирусының айналымы анықталып, оның 0,5%-да «Цербер» субгенетикалық желісі табылды.

«SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасын толық геномдық секвенирлеу әдісімен анықтау кезінде ағымдағы жылдың қараша айында Омикрон нұсқасының айналымы анықталды, оның 0,5%-да BQ.1.1  субгенетикалық желісі («Цербер») табылды, 99,5%-да - Омикрон штаммының басқа нұсқалары», - делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта мутацияланған «Цербер» 65-тен астам елде, соның ішінде Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Еуропа елдерінде анықталды.

Жаңа «Цербер» штаммының белгілері омикронның бұрынғы кіші түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Ауру көбінесе жіті респираторлық аурудың жеңіл түрінде болады. Қызудың көтерілуі, буын ауруы, аздап мұрыннан су ағу, әлсіздік болуы мүмкін, кейбіреулерінде ішек аурулары болады. Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес, деп ескертеді Комитет.

Науқастарды диагностикалау және емдеу басқа COVID-19 штамдарынан ерекшеленбейді. Инфекциядан қорғаудың тәсілі – COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинацияның аяқталған курсы.

SARS-CoV-2 вирусын анықтау және мониторингілеу жұмысы жалғасады.