ҚазҰМУ базасында ДДҰ комитетінің отырысында х. Клюге баяндамасы тыңдалды

ҚазҰМУ базасында ДДҰ комитетінің отырысында х. Клюге баяндамасы тыңдалды

ҚазҰМУ-нің ректоры Марат Шорановтың  төрағалығымен өткен отызыншы шақырылымдағы ДДС ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің виртуалды отырысында ДДС ұйымының Еуропалық өңірлік директоры Ханс Клюгенің баяндамасы тыңдатылды.

Сондай-ақ ДДҰ Еуропалық өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға әрекет ету туралы соңғы мәліметтер ұсынылды, ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс екінші сессиясы жұмысының қорытындылары талқыланды және өңірлік комитеттің жетпіс үшінші сессиясының күн тәртібі бойынша алғашқы ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар ДДҰ-ның жаһандық басқару органдарының қызметі туралы жаңартылған ақпараттар алға тартылды.

Кеңесте ДДҰ басшыларын іріктеу критерийлері талқыланды, осыған орай қатысушы елдер ұйымның басқарушы органдарына қазіргі және болашақ қатысу мәселелері бойынша өз ұстанымдарымен бөлісуге шақырады. Бұдан басқа, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін қыркүйек айында ДДҰ-ның Израильдегі Еуропалық аймақтық бюросының 72-ші сессиясында Марат Шоранов өңірлік комитет төрағасының атқарушы вице-президенті болып тағайындалды, сонымен қатар ДДҰ-ның  жекелеген панельдік сессияларына төрағалық етті. Сол кезде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың басшылығымен келген Қазақстанндық делегация әлемге әйгілі дәрігерлермен және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Сонымен бірге қазақстандық делегация тәжірибе алмасу және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруды қоса алғанда, өзара іс-қимыл мен әріптестіктің басым бағыттарын талқылау мақсатында Израильдің жетекші клиникаларына барды.