ҚР ДСМ басшысы Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы хабарлады

ҚР ДСМ басшысы Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының іске асырылуы туралы хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Үкіметінің отырысында негізгі мақсаты күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру болып табылатын «Дені сау ұлт»әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады.

2021 жылы 26 іс-шара іске асырылып, 17 көрсеткішке қол жеткізу қамтамасыз етілді. 2022 жылы ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 34 іс-шараны орындау және 17 көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

Мәселен, ұлттық жобаның бірінші бағыты бойынша ҚР ДСМ қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі жетілдірілді.

Арнайы мамандарға кезектілікті төмендету мақсатында жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді.

«Өткен кезеңде күрделі және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 80 түрі бойынша 18 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Шалғай ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғыны үшін 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі - дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті», - деді министр.

Биыл 10 өңірдегі 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.

Ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды, 17 объекті салынуда, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84%-ға дейін жеткізілді.

Көпбейінді орталық аудандық ауруханалардың деңгейінде «алтын сағат» қағидатын шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды. Астана мен Алматыда екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынуда.

МӘМС шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артты. Қазіргі уақытта 886 мыңға жуық (885 701) қымбат медициналық қызмет көрсетілді.

«Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудың арқасында ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен және консультациялық-диагностикалық қызметтермен қамту жоспардағы 47%-дан 49%-ға дейін жеткізілді.  ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмектің көлемі 56%-ға дейін жеткізілді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 2%-ға ұлғайып,82%-ды құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ға өсіп, 40%-ға жетті, бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді.

Балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді, 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады.

Сонымен қатар, тандемді масс-спектрометрия әдісімен зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп-қаралды.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін артты.

Биыл Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жылына 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды.

Сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында даму бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі балалар үшін 2 ерте араласу орталығы ашылды және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланып отыр.

МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27%-ға ұлғайды. 2022 жылы балаларды оңалтуға 15 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтар бойынша даярлауға гранттар саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды», - деп хабарлады А.Ғиният.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасының екінші бағыты бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Жалпы республикада инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2022 жылдың өткен кезеңінде 25 инфекциялық ауру бойынша жағдайлар тіркелген жоқ, 12 нозология бойынша сырқаттанушылық азайды.

Ағымдағы жылғы 21 мамырда Мемлекет басшысы биологиялық қауіптерді ерте анықтауға, ден қоюға және олардың алдын алуға бағытталған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды.

«2021 жылдан бастап біз инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың заманауи моделіне көштік, коронавирус инфекциясын болжау және оған ден қою жүйесі құрылды, бұл инфекцияның профилактикасы  және ден қою шараларын жедел түзетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы біз вакцинамен басқарылатын инфекцияларды үлгілеуге, болжауға және ден қоюға кірістік», - деп хабарлады А.Ғиният.

Ұлттық жобаның шеңберінде түрлі өнімдердің – тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың, балаларға арналған өнімдердің, құрылыс материалдарының және басқа да өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар іске асырылады.

Мәселен, тауарлардың қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде ағымдағы жылы тамақ өнімдерінің 23 мыңға жуық үлгісі зерттелді, олардың 3 мыңнан астамы немесе 13,2%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. «Қолжетімді дәрілік заттар мен отандық өндірістің медициналық бұйымдары» үшінші бағыты бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай дистрибьютор 92 ұзақ мерзімді шарт жасады. «Министрлік қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамытуға, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілетуге, сондай-ақ кластерлік бастаманы дамытуға ерекше мән береді. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Астана және Шымкент қалаларында                 3 кластерлік аймақ құрылуда, бұл аумақтарда өндірістік алаңдардың, медициналық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтардың болуына байланысты», - деп атап өтті А.Ғиният.

7 озық фармацевтикалық компаниямен келісімшарттық өндірістің 13 инвестициялық жобасы бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. ДСМ басшысы ТМККК және МӘМС шеңберінде жергілікті мазмұндағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлесі жоспар бойынша 37%  болған кезде 33%-ға жеткенін атап өтті.Төртінші бағытты іске асыру шеңберінде саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар сияқты аса қауіпті емес аурулардың профилактикасы және азайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынуды қысқарту жөніндегі шаралар іске асырылуда.

«2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 16,8%-ға, қатерлі ісіктерден 7,9%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 16,7%-ға және туберкулезден 11,8%-ға төмендеуі халықтың жалпы өлім-жітімінің 10,7%-ға төмендеуіне әкелді», - деп хабарлады министр. Денсаулық сақтау министрі ведомство ұлттық жобаның барлық іс-шараларын орындауды, сондай-ақ көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз еткенін атап өтті.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасын Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, жобалық тәсілді қолдана отырып іске асыруда. Ұлттық жобаны іске асыру халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған. Біз ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру жобасының негізгі мақсатына қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз – бұл біздің стратегиялық мақсатымыз және оған қол жеткізіледі», - деп түйіндеді А.Ғиният.