Алматыда заманауи онкология мектептері бойынша халықаралық конференция өтеді

Алматыда заманауи онкология мектептері бойынша халықаралық конференция өтеді

Алматыда 22-23 қыркүйекте «Заманауи онкология мектептері -барлық өзекті мәселелері туралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылар - «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ және Қазақ онкологиялық қоғамы.

Конференция өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректалдық обыр және қуық асты безі обыры бойынша онкологтар мектептерін қамтиды, олардың барысында клиникалық жағдайлар талқыланады, ұлттық және шетелдік сарапшылармен пікір алмасу өтеді.

Сондай-ақ, түрлі жерлердегі ісіктерді диагностикалау мен емдеу бойынша шеберлік кластары, саттелиттік симпозиумдар, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен медициналық техника өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Жеке секция академик С.Б. Балмұхановтың 100 жылдығына арналады, оған көрнекті қоғам қайраткерлері, медицина ғылымы мен практикасының көрнекті ғалымдары, сондай-ақ шетелдік қонақтар шақырылады.

Іс-шараға Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 300-ден астам онколог, сәулелік диагностиктер мен терапевтер, ядролық медицина мамандары қатысады.

Іс-шара гибридті - онлайн және офлайн форматта өтеді.

Өтетін орны – «Mercure Almaty City Center» қонақ үйі, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53.

Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://september2022.kazior.kz / (тек мамандар үшін).

Немесе www.kazior.kz парағы арқылы онлайн конференция бөліміне өтіңіз.

Тіркелу кезінде: ТАӘ, байланыс телефоны, пошта, ұйым және қатысу нысаны көрсетілуі керек.