Түркістанда ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді

Түркістанда ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді

22-23 қыркүйекте Түркістанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXXV отырысы өтеді.
 
Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ұйымдастырды.
 
Бұл отырыс 2022 жылы Қазақстан Республикасының ТМД-ға төрағалығы шеңберінде өткізіледі.

Іс – шараның мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының денсаулығын қорғау ісіндегі ынтымақтастықты жандандыру болып табылады.
 
Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. ТМД-ның 11 елінен барлығы 70-ке жуық қатысушы.
 
Отырыста COVID-19-дің өршуі жағдайында психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау, цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру және т. б. мәселелердің талқылануы жоспарлануда.