«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ІНДЕТІН ЖОЮ: ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕР» АТТЫ 6-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ІНДЕТІН ЖОЮ: ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕР» АТТЫ 6-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматыда 2022 жылғы 22-23 қыркүйекте ҚР Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының 90 жылдығына арналған "Орталық Азиядағы туберкулез індетін жою: озық тәжірибелер, сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер" атты алтыншы халықаралық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: ДДСҰ стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін туберкулезді бақылаудың үздік тәжірибелерін енгізу бойынша интеграция мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту - туберкулез індетін тоқтату.

Өтетін орны: Қазақстан, Алматы қ., "Интерконтиненталь" қонақ үйі

Конференцияны өткізу форматы: аралас (онлайн / офлайн)

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният, Орталық Азия елдері мен АҚШ-тан, Қытайдан, Ресейден, Әзірбайжаннан, Грузиядан, Молдовадан, Беларусиядан, Украинадан, Германиядан келген туберкулезбен күрес саласындағы басшылар мен жетекші мамандар, ДДСҰ, халықаралық ұйымдардың сарапшылары (USAID, Жаһандық қор, әріптестік Stoptb, Partners in Health, KNCV, жаһандық дәрілік қор (GDF), Abt Associates), сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдердің үкіметтік емес секторының өкілдері қатысады.

Конференция аясында пленарлық отырыстар, туберкулезді бақылаудың басым бағыттары бойынша жұмыс топтарының отырыстары өтеді, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарының мамандары зертханалық мамандар мен фтизиохирургтарға шеберлік сыныптарын өткізеді.

Тіркелу үшін QR-кодты пайдалана отырып, конференцияның веб-платформасына өтуге болады. QR-код арқылы кіруге арналған нұсқаулық жүгірткіде орналасқан.

Егер QR-кодты сканерлеу мүмкін болмаса, мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://elimtbc.online/ 

Қосымша ақпарат бойынша телефон нөмірі:+7 707 675 25 55,

Данеш Байболатов, ҰҒФО баспасөз хатшысы

e-mail: daneshbay@gmail.com