
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомствоның медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабарлады.
"Қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысында жағымды өзгерістер байқалуда: жалпы өлім - жітім 11% - ға, ана өлімі - 58% - ға, ҚЖА және тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім 17% - ға, туберкулезден 12% - ға, қатерлі ісіктерден 8% - ға төмендеді", - деп хабарлады вице-министр.
Кадрлық тапшылықты еңсеру үшін 2021 жылы өңірлерге 3034 жас маман жұмысқа орналастырылды, бұл түлектердің жалпы санының 96% - ын құрайды. Бұл ретте ауылға 606 адам жұмысқа орналастырылды.
МСАК-тың тең қолжетімділігі үшін 2019-2022 жылдар кезеңінде МСАК-тың 304 объектісі пайдалануға берілді. 2022 жылға 80 МСАК нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 6 нысан пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін ауыл тұрғындары мен балалар үшін профилактиканың жаңа тәсілдері енгізіледі, консультациялық-диагностикалық қызметтер кеңейтіледі, телемедицина мен қашықтықтан медициналық қызметтерді, амбулаториялық оңалтуды дамыту жалғастырылады, III кезең.
Оның айтуынша, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту үшін аудандық ауруханалар қымбат тұратын медициналық жабдықтармен жабдықталады. Олар: 21 КТ, 92 рентген аппараты, босандыру қызметіне арналған 1099 бірлік жабдық.
Халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендер медицина қызметкерімен үйде қамтамасыз етілуі мүмкін, бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.
Тұрғындар саны 50 - ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медпункт ашу, халқы 500-ден 1500 адамға дейінгі (бұрын 800-ден 1500-ге дейінгі) ауылдарда ФАП құру көзделеді.
5000-нан астам тұрғын тұратын ауылдарда МСАК орталықтары құрылатын болады. Жаңа енгізілімдер жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дәрігерлік амбулаториялардың учаскелерін кеңейтуді көздейді.
Алтын сағат қағидаты бойынша ауыл халқына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 32 Көп бейінді ауданаралық ауруханалар көп бейінді орталық аудандық ауруханалар болып қайта құрылатын болады.
Шалғайдағы 1513 ауылдың медициналық ұйымдарында дәріхана дүңгіршектері ашылады.
Азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей ведомствоның Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, медициналық ұйымдар мен пациенттерді қолдау қызметінің басшылығы адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде туындаған проблемаларды уақтылы шешпей, " дәл қазір және дәл осы жерде" қағидатын жиі елемейді.
"Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне келіп түскен шағымдарды талдау халықтан медициналық көмектің сапасына келіп түскен өтініштердің көбейгенін көрсетеді, ағымдағы кезеңде осындай 2,8 мың арыз-шағым келіп түскен. Бұл ретте 30%-дан аса жағдайда фактілер нақтылануда",-деді вице-министр.
Ол денсаулық сақтау министрлігінің өткен алқа отырысында халықтан медициналық қызмет сапасына келіп түскен шағымдардың себептерін талдау жүргізілгенін атап өтті.
"Негізделген шағымдар бойынша аймақтарды саралау нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы ахуал мәз емес аймақтар анықталды. Осы өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының басшыларына медициналық қызметтердің сапасын арттыру және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысын " дәл қазір және дәл осы жерде" қағидатымен күшейту бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді", - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.
Сондай-ақ, вице-министр өз баяндамасында ҚР Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығы арқылы келіп түсетін азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы хабардар етті.
"Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 400 мыңнан астам өтініш келіп түскен call-орталық тұрғындарының мәселелерін жедел шешуге көмектеседі. Өткен жылы осындай кезеңде 70 мыңға артық өтініш келіп түсті. Бұл орайда ТМККК мен МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметке қатысты шағым 1,7 есе – 6,5 мыңңан 11,1 мыңға дейін өскен", - деп хабарлады Ж.Бүркітбаев.
Мәселен, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11 мыңнан аса адам медициналық қызметтің төмен сапасына, медициналық қызмет көрсетуден, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тартуға қатысты шағым түсірген (2021 ж. - 15235).
ҚР ДСМ-нің мониторингі шағымдардың 80%-ына медицина қызметкерлерінің, медицина ұйымдары басшыларының жұртпен әлсіз коммуникациясы себеп болып отырғанын көрсетті.
«Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын медицина ұйымының басшылары да, денсаулық сақтау басқармалары да тиісті деңгейде қадағаламайды», - деп қорытындылады Ж.Бүркітбаев.
"Пациенттерге қолдау көрсету қызметтерінің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ олардың жұмысын шағымдарды азайтуға қайта бағдарлау және "дәл қазір және дәл осы жерде" қағидаты бойынша халықпен кері байланысты қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметтерінің кадрлық құрамын тексеру қажет", - деп түйіндеді Ж.Бүркітбаев.