Санитарлық авиация адам өмірін арашалауда

Санитарлық авиация адам өмірін арашалауда

2011 жылы құрылған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы бүкіл ел бойынша науқастарға жедел, шұғыл медициналық көмекті көрсету және дамыту бойынша алдыңғы қатарында тұр.

Орталық шалғай елді мекендерден пациенттерді тасымалдаумен айналысып, халыққа санавиация түрінде шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Республика бойынша медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету үшін 500 - ден астам маман, оның ішінде 372-сі бейінді мамандар тартылған. Егер науқас тасымалданбаса, ауыр халде болса немесе аймақтық дәрігерлер қажетті әдістерге/біліктілікке ие болмаса, олар сол жерде консультация береді немесе ота жасайды.

2022 жылдың 7 айында ҰШМҮО командасымен 1369 ұшулар (оның ішінде 303 тікұшақпен, 1066 ұшақпен) жасалды, 2431 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 2831 медициналық қызмет орындалды, 1375 науқас (48,6%) медициналық ұйымдарға жеткізілді, 69 консультация жүргізілді (2,4%), 128 ота (4,5%), 1259 (44,5%) қашықтықтан медициналық қызмет (ҚМҚ) ұйымдастырылды. Донорлық органдарды тасымалдау үшін 2 маман жөнелтілді.

Республика ішіндегі медициналық авиациялық ұшулардан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік медициналық ұйымдарда орналасқан қандастарға, егер олардың жағдайы жерүсті көлігімен және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемесінде тасымалдауға мүмкіндік бермесе, медициналық авиация түріндегі қызметтер көрсетіледі.

2022 жылдың 7 айында медициналық авиация отандық медициналық ұйымдарда емделуді жалғастыру үшін шетелдік клиникалардан Қазақстан Республикасының 9 азаматын тасымалдады.

Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айының басында алты жасар бала Санкт - Петербург қаласындағы клиникаға ес-түссіз жеткізілді. 3-ші қабаттан құлағаннан кейін ауыр жарақат алған бала жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ота жасалып, жағдайы тұрақталғаннан кейін травматологиялық бөлімге ауыстырылды.

Одан әрі медициналық көмек алудың шұғыл қажеттілігіне байланысты баланы ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласының Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

16 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы кішкентай пациентті тасымалдау мақсатында Нұр - Сұлтан – Санкт-Петербург – Нұр - Сұлтан бағыты бойынша әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Бүгінгі таңда бала ем алып, оңалтудан өтуде.

2022 жылғы 17 шілдеде осындай ұшу Сеулден Өскеменге дейін жүзеге асырылды. 16 маусымда ер адам Сеул қаласындағы клиникаға ауыр халде түсті. Ол комада, өкпені жасанды желдету аппаратында болды. Ерлі-зайыптылардың өтініштері негізінде науқас медициналық авиация күшімен Өскемен қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді.
ҰШМҮО-ның жоғары білікті мамандарының осындай өміріне қауіп төнген пациентке жедел және үйлесімді көмек көрсеткен мысалдары өте көп.

Айта кетері, шұғыл медицина мамандарына қойылатын талаптар ең жоғары болып келеді. Өйткені, олар ұшуда да, жерде де кәсіби көмек көрсетіп, науқастың өмірін қамтамасыз ету функцияларын үнемі қадағалап отыруы керек. Сондықтан дәрігерлердің 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, сондай-ақ «Жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек» немесе «Анестезиология және реанимация» мамандығы бойынша сертификаты болуы керек.

Фельдшерлердің "Емдеу ісі", "Фельдшер", "Жалпы практикадағы фельдшер" мамандықтары бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Орталық жанында оқу-жаттығу базасы жұмыс істейді, онда тұрақты негізде медициналық персонал шұғыл көмек көрсету циклдерінен өтеді, медициналық манипуляциялар техникасын пысықтайды, шұғыл көмек көрсетудің озық әдістерімен және халықаралық стандарттарымен танысады. Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.