ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАТЫГЕЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН ДЕНЕ ЖАРАҚАТТАРЫН ҚҰЖАТТАУ НЫСАНДАРЫН БЕКІТТІ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАТЫГЕЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН ДЕНЕ ЖАРАҚАТТАРЫН ҚҰЖАТТАУ НЫСАНДАРЫН БЕКІТТІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатыгез қарым-қатынас нәтижесінде алынған дене жарақаттарын және (немесе) психологиялық әсерді құжаттау бөлігінде есептілік нысанын толтыру әдістемесін регламенттейтін бұйрықты бекітті.

Осы бұйрық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға қосылуы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың мақсаты дене жарақаттарын алу және (немесе) психологиялық әсер ету бойынша тіркелген жағдайлардың/өтініштердің саны бойынша статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру болып табылады.
Құжатта азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне ұшыраған адамдардың дене жарақаттары мен психоэмоционалдық жай-күйін сипаттау жөніндегі схемалар мен нұсқауларды қамтитын есепке алу және есептік құжаттама нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Сондай-ақ, бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтар мен 15 мамыр аралығында 4 медициналық ұйымда жүргізілген қатыгез іс-әрекет нәтижесінде алынған дене жарақаттарын және (немесе) психологиялық әсерді құжаттау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу барысында алынған ақпаратты ескере отырып әзірленді.
Оған Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының №5 қалалық емханасы, Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасы және Қарағанды облысындағы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы қатысты.
Жоба үйлестірушісі болып Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы белгіленді.