ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша бірқатар нормативтік актілерді бекітті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша бірқатар нормативтік актілерді бекітті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді бекітті. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 622 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілді.

Бұл ретте тергеу изоляторларын медициналық қамтамасыз ету мәселелері денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өтеді.  

Қазіргі уақытта ведомство осы бағытта келесі нормативтік құқықтық актілерді қабылдады: 

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 ж. 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығы  "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы", ол бас бостандығынан айыру орындарындағы, амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейді.

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022ж. 30 маусымдағы ҚР ДСМ-58 бұйрығы "Ауруына байланысты жазаны өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазаны өтеуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" ауруына байланысты жазаны өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін Қағидаларды реттейді. Жазаны өтеуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бұйрықпен бекітілді, аурулардың және оған байланысты денсаулық проблемаларының халықаралық статистикалық жіктемесіне сәйкестендірілді, сотталғандарды есепке алуды және ауруханаға жатқызуды жеңілдету үшін аурулардың атаулары кодталды. Бұйрықпен қатар, сотталғандардың жағдайының ауырлығын анықтайтын аурулардың кезеңдері енгізілген.

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 ж. 30 маусымдағы ҚР ДСМ-61 бұйрығы "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы".

4) "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту жүргізу үшін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы бұйрығы.

Бұл бұйрықтар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелеріндегі адамдарға амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейді. 

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде тіркелген.

Екі министрлік 1 шілдеден бастап дайындық жұмыстарын жүргізді.

2022 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына 16 тергеу изоляторы өтеді.